Александр Николаевич Клинчев (1938, Қырым) - мұнайшы.

Өмірбаяны Атырау мұнай техникумын (1956), БСОПИ (1977) бітірген. 1956-1957 жылдары - Құлсары ұңғымаларды күрделі жөндеу кеңсесінде құрал- жабдықтарды жөндеу слесары. 1957-1960 жылдары - армия қатарындағы қызмет. 1960-1963 жылдары -Атырау қаласы газ цехының шебері. 1963-1966 жылдары - «Қазмеханқұрастыру» тресінде шебер, механик. 1966 -1998 жылдары - «Ақтаугаз» газбен қамтамасыз ету басқармасында учаске бастығы, газбен қамтамасыз ету цехы бастығының орынбасары, бастығы, басқарма бастығы, «Ақтаугаз» ЖАҚ бас директоры.

Марапаттары Ақтау қаласының құрметті азаматы (1997).Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары