Арыстанов Пірімтай (1939, Түркістан облысы). Ташкент политехникалық институтын бітірген (1966). 1966-1982 жылдары - КМБЭ бұрғылау учаскесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, инженер, аға инженер, учаске бастығы, мұнай барлау бастығы, экспедиция бастығы. 1975-1979 жылдары - экспедиция парткомыныңхатшысы. 1982-1985 жылдары - Қазақстан Коммунист партиясы Ералы аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1985-1988 жылдары - Маңғышлақ облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. 1988-1990 жылдары - Қазақстан Коммунист партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті өнеркәсіп-көлікбөлімінің нұсқаушысы. 1990-1998 жылдары - облыстық экология және табиғатты қорғау басқармасының бастығы. 2002 жылдан - зейнеткер. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері