Илья Сергеевич Плещеев (1922, Ресей). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Жер қойнауын барлаудағы құрметті барлаушысы. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Мәскеу геологиялық барлау институтын бітірген (1952). 1952-1962 жылдары – Каспий маңы геологиялық экспедициясының бастығы. 1962-1987 жылдары - Аэрологиялық экспедициясының бас геологы. Оның басқаруымен Маңғыстаудың ауқымды алқаптарының карталары құрастырылған. 1987 жылдан - зейнеткер. 3-дәрежелі «Даңқ», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:1922 жылы туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан мұнайшылары