Дияров Муфтах (1933, Атырау облысы). геология-минералогии ғылымдарының докторы (1972), профессор (1980). Қазақ KCP Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1983). Қазақ кен-металлургия институтын бітірген (1955). 1955-1964 жылдары — Индер геологиялық барлау экспедициясында геолог, аға геолог, бас геолог. 1964-1978 жылдары — Қазақ мұнай геология барлау ғылыми-зерттеу институтында минерал туздар лабораториясының меңгерушісі. 1978-1984 жылдары — Қазақ KCP Ғылым академиясының Мұнай және табиғи туздар химиясы ғылыми-зерттеу институтында табиғи туздар геохимиясы лабораториясының меңгерушісі, директордың орынбасары; 1984-1992 жылдары — осы институттың директоры. 1992 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Батыс бөлімшесі төрағасының орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамоталарымен және «Кен орнын түңғыш ашушының» дипломдарымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. Екі томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар