Атилла мен Ұлы Леоның кездескені — Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті өкілі Рафаэль Санти (1483 — 1527) салған әйгілі сурет-фреска.
Фреска Ватикандағы Елиодар залының бір қабырғасын безендіріп тұр.
Суреттің сюжеті бойынша, 452 жылы рим папасы Лео І ғұн тайпаларының көсемі Аттиланы Қасиетті Рим қаласына кіруден бас тартуға көндірген кезі дәріптеліп көрсетілген. Алайда, тарихи шындық — Аттила Римді алудан өз еркімен бас тартқан. Рим қаласын одан бұрын вестготтар мен вандалдар бірнеше рет тонаған еді. Ұлы қолбасшы олардың жолын қайталағысы келмеген.
Санат:Суреттер