Әбу-л-Қасым Әл-Фараби(1130 жыл, Отырар – 1210 жыл) – ойшыл-ғалым.

Отырарда білім алып, кейін оны Иасы, Шаш, Самарқан және Бұқара қалаларында одан әрі жалғастырған. Философия, логика, этика, тарих, география, астрономия іспетті ілімдерден жан-жақты мәліметі болған және бұл салаларда терең ойлы тұжырым, көзқарастары арқылы айтарлықтай із қалдырған. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Шығармалары: - Болмыс шындығы туралы “Ғылым түрлері” аталатын еңбегінің қолжазбалары Үндістан, Голландия, Түркия, Египет, Ватикан кітапханаларында, Ташкент пен Санкт-Петербургтің Шығыстану институтарында сақтаулы. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

“Таза шындық” - Ғибратқа толы, тағлымдық мәні бар қанатты сөздермен жазылған, психология, имандылық және дін ілімі бойынша әрі қысқа әрі нұсқа мағлұмат беретін “Таза шындық” атты еңбегінің мазмұны Қожа Ахмет Иасауи “Хикметтерімен” (“Даналық сөздерімен”), Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білігімен” ұқсас деуге болады. “Таза шындық” өзі өмір сүрген қоғамы мен халқын рухани тазалыққа үндеген, адалдық пен имандылыққа шақырған игілікті дүние. Ол ой мен бой, тән, жан тазалығын сақтауға үндейтін өсиетімен, ислам іліміндегі “мемлекеттің қарапайымдылығы, құдірет иесінің кешірімділігі, ашу кезіндегі ақыл, мүсіркеусіз қайырымдылық” деген төрт қағидасын уағыздауымен құнды.

“Пайғамбарлардың қасиеттері туралы әулилер сөзі”

“Уағыз үлгілері”Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:1130 жылы туғандар Санат:Отырарда туғандар Санат:1210 жылы қайтыс болғандар Санат:XII ғасыр философтары Санат:XIII ғасыр философтары Санат:Ислам философтары