Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13 қазан 1938 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы – 20 наурыз 1996 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991).

Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960). 1961–1964 жылдары Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім 1964–1966 жылдары Мәдениет үйінде қызметкер 1966–1967 жылдары Есік музыка мектебінде мұғалім 1967–1968 жылдары Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды. 1969–1974 жылдары «Гүлдер» ансамблінде 1974–1980 жылдары Қуыршақ театрында қызмет істеді.

Шығармашылығы

Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар», т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (Сұлтанәлі Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Әділбек Тауасаровтың «Аса құрметті Икс»), кинофильмге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні», т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.

Марапаттары Бейсеуов — Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972).

Дереккөздер

Санат:13 қазанда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:20 наурызда қайтыс болғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері