Тоби Магуайр (, , 27 маусым 1975 жыл, Калифорния, АҚШ) — америкалық актёр, фильм продюсері. Магуайр Сэм Рэймидің «Өрмекші-адам» трилогиясында (2002–2007) басты кейіпкердің рөлін сомдағаны үшін белгілі.

Магуайр мансабын фильмдердегі қосалқы рөлдерден бастады: Бұл ұлдың өмірі (1993), Лас-Вегастағы қорқыныш пен жек көру (1998) сынды фильмдер. Басты рөл ойнаған фильмдер қатарында Плезантвиль (1998), Шарапшылар ережесі (1999), Фаворит (2003), Жақсы неміс (2006), Ағайындылар (2009), Ұлы Гэтсби (2013) және Пешканы құрбан ету (2014) сияқты фильмдер бар.

Магуайр «Ағайындылар» фильміндегі «драмалық фильмдегі үздік актёр» номинациясында «Алтын глобус» сыйлығын алды (2009). Ол 2012 жылы Material Pictures деп аталатын жеке продюсерлік компаниясын құрды және Жақсы адамдар (2012), Пешканы құрбан ету (2014) және Вавилон (2022) фильмдерін бірлесіп шығарды.

Жастық шағы және білімі Тобиас Винсент Магуайр 1975 жылдың 27 маусымында Санта-Моника, Калифорнияда Уэнди Браун мен Винсент Магуайрдың отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасы (екеуінің де шығу тегі шотландиялық) Магуайр екі жаста ғана болғанда екеуі ажырасып кетті және Магуайр балалық шағының көп бөлігін түрлі отбасы мүшелерімен бірге өткізді.

Балалық шағында Магуайр аспаз болу идеясын ойлап, алтыншы сынып оқушысы кезінде үй шаруашылығы (home economics) сабағына жазылғысы келді. Анасы оған драма сабағын таңдаса 100 доллар беретінін ұсынды, Магуайр келісті. Мектеп жылдарындағы өтпелі табиғаты Магуайрға эмоционалды түрде зиян тигізе бастады және бірінші курста тағы бір қоныс аударғаннан кейін ол жоғарғы сынып мектебін тастап, қайта оралмады. Оның орнына ол актёрлік мансаппен айналысатынын шешті.

Мансабы нобай|солға|San Diego Comic-Conдағы Тоби Магуайр, 2006 Магуайрдың көркем фильмдегі алғашқы рөлі 1989 жылғы «Сиқыршы» фильмінде болды. Ол Лукас Бартон көмекшілерінің бірін ойнады, бірақ ол жерде еш сөз сөйлеген жоқ. Ол 1990 жылдардың басында балалар актері болып жұмыс істеді. Ақырында, ол «Тамаша Скотт!» FOX телехикаясында тұңғыш басты рөліне қол жеткізді, алайда бұл сериал тоғыз аптадан кейін жабылуға мәжбүр болды.

Бірнеше кастинг кезінде Магуайр тағы бір өсіп келе жатқан актёр, Леонардо Ди Каприомен таныс болды. Екеуі көп ұзамай дос болды және бір-біріне фильмдерде және өзге де жобаларда рөл алуға көмектесетін болды. Мысалы, екеуі де 1989 жылғы «Ата-аналар» комедиясына кастингке қатысты. Басты рөл Ди Каприоға ұсынылды және Магуайр кейінірек Ди Каприоның ұсынысы бойынша қонақ рөліне ие болды. Ұқсас жағдай 1993 жылы «Бұл ұлдың өмірі» фильміне кастинг кезінде де орын алды (басты рөлде Роберт Де Ниро болған), Ди Каприо Тобиас «Тоби» Уольф басты кейіпкерінің жасөспірім рөлін алды Магуайр оның достарының бірі ретінде басқа бір рөлге қол жеткізді.Conversations with Leonardo di Caprio, 23 қыркүйек 2014. SAG Foundation

1990 жылдардың ортасына қарай ол тұрақты жұмыс істеді, бірақ сонымен қатар басқа да жас актёрлердің ішімдікке толы өмір салтына көшті. 1995 жылы ол режиссер Аллан Мойлдан оны Empire Records фильміндегі рөлінен босатуды сұрады. Мойл келісті және Магуайрдың барлық сценалары соңғы фильмнен жойылды. Содан кейін Магуайр Анонимді маскүнемдерден өзінің ішу мәселесі бойынша көмек сұрады, содан бері ол ішімдікке салынбайды.

Маскүнемдігінен айырылу мақсатымен Магуайр мансаптық жолын сәл өзгертіп, ДиКаприо қатысқан кастингтерге қатыса бермейтін болды. Нәтижесінде ол 1997 жылғы Мұзды жел атты драмалық фильмінде басты рөлге қол жеткізді. Бұл оның Плезантвиль (1998), Шарапшылар ережесі (1999) сияқты фильмдерде түрлі басты рөлдерге қол жеткізуіне әкелді.

нобай|оңға|Магуайр Өрмекші-адам 3 тұсаукесерінде жанкүйерлерімен амандасуы

2002 жылы Магуайр танымал Marvel Comics суперқаһарманы Өрмекші-адамға негізделген «Өрмекші-адам» фильміне түсті. Фильм үлкен табысқа жетіп, оны жұлдызға айналдырды. Ол Өрмекші-адам 2 (2004) және Өрмекші-адам 3 (2007) сиквелдерінде рөліне қайта оралды, сонымен қатар фильмдермен байланысты жасалған видео ойындарда аттас кейіпкерді дыбыстады.

Сценарий мен өндірістік қиындықтарға байланысты ұсынылған төртінші Өрмекші-адам фильмі орындалмай қалды. Sony компаниясының Columbia Pictures компаниясы франшизаны қайта бастауға шешім қабылдады. «Жаңа Өрмекші-адам» деп аталатын фильм 2012 жылдың 3 шілдесінде жарыққа шықты, онда басты рөлді басқа актёр, Эндрю Гарфилд ойнады.

Магуайр «Фаворит» фильміндегі басты рөлді сомдады. 2006 жылы ол өзінің тұңғыш зұлым рөлін сомдады; ол Стивен Содербергтің «Жақсы неміс» фильмінде Джордж Клуни мен Кейт Бланшет кейіпкерлеріне қарсы ефрейтор Патрик Тулли рөлін сомдады. Ол сонымен қатар продюсер болып табылады, оның продюсер екені 25-сағат (2002), Біз не істесек те (2003) фильмдерінің жазуларында жазылған және ол Фаворит фильмінің атқарушы продюсері болды.

2009 жылы ол Джейк Джилленхол және Натали Портманмен бірге Джим Шеридан түсірген «Ағайындылар» соғыс драмасында Сэм Кэхилл рөлін сомдады. Ол фильмдегі рөлі үшін сыншылардың бағасын алып, «Алтын глобус» номинациясына ие болды. Магуайр «Пи өміріндегі» (2012) Автор рөлін сомдайды деп жоспарланды, оны режиссер Энг Ли түсірді, бірақ оның «тым танымал» болғандығынан түсіру кезінде фильмнен алып тастады және оның орнына Раф Спалды таңдады, Ли Магуайр болған сценаларды қайта түсіруді шешті.

2012 жылы Магуайр Жақсы адамдар фильмінің бірлескен продюсері болды. Сол жылы ол сонымен қатар 2013 жылы көбірек көркем фильмдер шығаруға көмектесу үшін тәуелсіз қаржыландыруды қамтамасыз еткен Material Pictures атты өзінің өндірістік компаниясын құрды. Магуайр мен Ди Каприо тағы да бірге Баз Лурманның «Ұлы Гэтсби» (2013) ремейкінде өнер көрсетті.

Оның келесі фильмі «Пешканы құрбан ету» (2014), сонымен қатар Material Pictures компаниясымен бірлесіп шығарылды. Бұл Магуайр сомдаған америкалық шахматшы Бобби Фишердің шынайы оқиғасына негізделген қырғи-қабақ соғыс триллері болды.

Магуайр өзінің ізбасарлары Том Холланд пен Эндрю Гарфилдпен бірге Marvel кинематографиялық әлемі фильміндегі "Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ" (2021) фильмінде Питер Паркер / Өрмекші-адам рөліне оралды. Ол Дэмьен Шазеллдің «Вавилон» ансамбльдік фильмінде рөл сомдады, онда ол сонымен қатар атқарушы продюсер болды.

Жеке өмірі Магуайр 1992 жылдан бері вегетарианшыл; 2009 жылы ол веган болды. Ол фильмдегі рөлдер үшін салмақ қосу, не жоғалту үшін диетасына өзгерістер енгізді: ол Фаворит фильмі үшін салмағы күрт төмендетті, содан кейін Өрмекші-адам 2 үшін салмақты қалпына келтіру үшін диетасын тағы өзгертті. Магуайр 19 жасынан бастап ішімдікті қойған, жасөспірім кезінде алкогольмен «біраз қиындықтарды» бастан кешірген еді.

Магуайр зергерлік бұйымдар дизайнері Дженнифер Мейермен 2003 жылы Universal Studios студиясында Фаворит фильмін түсіру кезінде кездесті және олар 2006 жылдың сәуірінде үйленді. Олардың қызы сол жылдың қараша айында дүниеге келді. Мейердің әкесі, Universal студияларының басшысы Рональд Мейер Магуайрдың 2003 жылы Өрмекші-адам 2 фильмінен қуылғаннан кейін Магуайрға жұмысына қайта оралуына көмектескені хабарланған. 2009 жылы мамырда олардың екінші баласы, ұл дүниеге келді. 2016 жылдың 18 қазанында ерлі-зайыптылар тоғыз жылдық некеден кейін бөлек тұратынын жариялады. 2020 жылы, бөлек тұрғандарына төрт жыл болғанда, Мейер ажырасуға өтініш берді.

Фильмографиясы Кино Жылы Атауы Рөлі Қосымша 1989 СиқыршыThe Wizard Видео Армагеддондағы Лукастың көмекшісі Фильм соңында жазылмаған 1993 Бұл ұлдың өміріThis Boy's Life Чак Болгер 1994 Қызыл баронның кегіRevenge of the Red Baron Джимми Спенсер Жапондық полицейS.F.W. Эл ЕмшіHealer Жасөспірім 1997 Мұзды желThe Ice Storm Пол Худ Гарриді бөлуDeconstructing Harry Харви Стерн Көңілді сапарJoyride Джэй-Ти 1998 Лас-Вегастағы қорқыныш пен жек көруFear and Loathing in Las Vegas Жаяу жолаушы ПлезантвильPleasantville Дэйвид / Бад Паркер 1999 Шарапшылар ережесіThe Cider House Rules Хоумер Уэллс Сайтанмен қуғынRide with the Devil Джэйк Роудэл 2000 ВундеркиндтерWonder Boys Джэймс Лиэр 2001 Донс ПламDon's Plum Иан Мысықтар мен иттерCats & Dogs Луис "Лу" Броуди Дыбыстама актёрі болды 2002 Өрмекші-адамSpider-Man Питер Паркер / Өрмекші-адам 2003 ФаворитSeabiscuit Джон «Рэд» Поллард 2004 Өрмекші-адам 2Spider-Man 2 Питер Паркер / Өрмекші-адам 2006 Жақсы немісThe Good German Ефрейтор Патрик Талли 2007 Өрмекші-адам 3Spider-Man 3 Питер Паркер / Өрмекші-адам 2008 Сәтсіздік сарбаздарыTropic Thunder Өзі Қонақ 2009 АғайындыларBrothers Капитан Сэм Кэйил 2011 Егжей-тегжейлерThe Details Джэфф Лэң 2013 Ұлы ГэтсбиThe Great Gatsby Ник Кәрріуэй Еңбек күніLabor Day Ересек Хенри Уиилер 2014 Пешканы құрбан етуPawn Sacrifice Роберт Джеймс Фишер 2017 Босс нәрестеThe Boss Baby Ересек Тим Тэмплтон / Баяндаушы Дыбыстама актёрі 2021 Өрмекші-адам: Үйге жол жоқSpider-Man: No Way Home Питер Паркер / Өрмекші-адам 2022 ВавилонBabylon Джэймс Маккей 2023 Өрмекші-адам: Ғаламдар торыSpider-Man: Across the Spider-Verse Питер Паркер / Өрмекші-адам Өрмекші-адам мен Өрмекші-адам 3 фильмдерінен архивтік сценалар

Телевизия Жыл Атауы Рөлі Қосымша 1989 Родни Дэнджерфилд: Роднидің жеріндегі ашылуы кешіRodney Dangerfield: Opening Night at Rodney's Place 3-бала Фильм 1990 Tales from the Whoop: Hot Rod Brown Class Clown Хот Род Браун Фильм 1990 Бірінші мен он1st & Ten Чад "Мен футбол ойнамасам" эпизоды 1990 БлоссомBlossom Атталмаған ұл бала "Секс, Жалған & Жасөспірімдер" эпизоды 1991 Эйри, ИндианаEerie, Indiana Трип Макконел "Өлі хат" эпизоды 1991 РозаннаRoseanne Джэфф "Әулие Валентин күні" эпизоды 1992 Wild & Crazy Kids Өзі Great Scott! сериалына промо 1992 Great Scott! Скотт Мэлрод Басты рөл 1994 Уокер, Техас рейнджеріWalker, Texas Ranger Дуэйн Парсонс "Адасқан ұл" эпизоды 1994 Соғыс олжаларыSpoils of War Мартин Фильм 1994 Көмек сұраған баланың жасыA Child's Cry for Help Питер Лайвли Фильм 1996 Жындылықтың арбауына түскенSeduced by Madness Чак Борхардт Фильм 1996 Би герцогіDuke of Groove Рич Купер Қысқа фильм 2000 Жексенбі кешінің тікелей эфиріSaturday Night Live Өзі "Тоби Магуайр / Sisqo" эпизоды 2014 The Spoils of Babylon Дэвон Басты рөл; сонымен қатар продюсері 2023 ЭкстраполяцияларExtrapolations Николас "2068: Қоштасу кеші” эпизоды

Видео ойындар Жыл Атауы Рөлі 2002 Spider-Man: The Movie Game Питер Паркер / Өрмекші-адам (дыбыстама) 2004 Spider-Man 2 2007 Spider-Man 3

Марапаттары және номинациялары Премиясы Жыл Санат Жұмысы Нәтижесі«Алтын глобус»2010Үздік актёр — драмаАғайындылар«Сатурн»1999Үздік актёр немесе актрисаПлезантвиль2003Үздік киноактёрӨрмекші-адам2005Өрмекші-адам 22010Ағайындылар«Empire Awards»2005Үздік актёрӨрмекші-адам 2Финикс киносыншыларының қоғамы2001Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёрВундеркиндтерАҚШ киноактёрлері гильдиясының премиясы2000Көркем фильмдегі үздік актёрлік құрамШарапшылар ережесі2004ФаворитТоронто киносыншыларының қоғамы2000Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёрВундеркиндтер

Дереккөздер

Санат:АҚШ бала-актерлері Санат:АҚШ кинематографы актерлері Санат:АҚШ телевизия актерлері Санат:АҚШ дыбыстама актерлері Санат:АҚШ кинопродюсерлері