Брюс Ли (); туған кезіндегі аты — Ли Сяолун (, , ересек кезіндегі аты — Ли Чжэньфань (, ); 27 қараша 1940 жыл, Сан-Франциско — 20 шілде 1973 жыл, Гонконг) — шығыс жекпе-жегінің шебері, АҚШ және Гонконг киноактёрі, сондай-ақ кинорежиссёр, продюсер және сценарийші.
Өмірбаяны 1940 жылы 27 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында дүниеге келген. Қытайда Ли Сяо Лун, Ли Дженфан есімдерімен де танымал. Бала кезінен фильмдерге түсе бастаған.
Кино мансабында 36 фильмге түскен. Батысқа Шығыс жекпе-жегін танытқан. Оның өмірі мен шығармашылығы жайлы 30-ға тарта фильм түсірілген. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропа елдері мен АҚШ-та шығыс жекпе-жегінің жұлдызы ретінде кеңінен танылған. Кунг-фу және тайцзицюань өнерін меңгерген. Сонымен қатар бокспен және дзюдомен айналысқан. «Джит Кун-до» деген атпен кунг-фудың өзіндік стилін жасап шығарған. 1971 жылы отбасымен Гонконгқа көшіп келеді. 1973 жылы 20 шілдеде Гонконгта 32 жасында қайтыс болған.
Фильмография нобай|160px|«Өліммен ойын» фильміндегі кадр нобай|160px|Голливудтағы актёрдің жұлдызы 1941 — Алтын қақпадағы қыз (сәби) 1948 — Байлық туралы арман 1949 — Sai See in the Dream (Сэй Си) 1950 — Балақай Чунг 1951 — Бүлдіршін (/менің ұлым А Чунг) 1951 — Балалық шақ 1953 — A Myriad Homes 1953 — Әкейдің кінәсі 1953 — Ананың көз жасы 1953 — In the Face of Demolition 1955 — Махаббат 1955 — Махаббат (2 бөлім) 1955 — Жетімнің қасіреті 1955 — Адал әйел 1955 — Жетімнің әні 1955 — 1956 — Ажырасуға кештік қылады 1957 — Нөсер 1957 — Аяулы қыз 1958 — Жетім (А Сан) 1966—1967 — Жасыл шершень (Като) 1968 — Марлоу (эпизодтық роль) 1971 — Үлкен босс (Чжэн Чаоань) 1972 — Тентектің жұдырығы (Чэнь Чжэнь) 1972 — Айдаһардың жолы (Тан Лунг) 1973 — Айдахар (Ли) 1978 — Өліммен ойын (Билли Ло) 1981 — Өлім мұнарасы (Билли Ло)
Дереккөздер
Тағы қараңыз Жүз жыл ішіндегі Қытай киносының үздік актерлері
Сілтемелер
Брюс Ли қоры Брюс Лимен сұқбат
Санат:Кунг фу шеберлері Санат:Гонконг актерлері Санат:1940 жылы туғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Жекпе-жек өнерінің шеберлері