Баспасөз синдикаты – журналист материалына авторлық құқығы бар автор мен редакция арасында делдалдық қызмет атқаратын агенттік. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001.
Күнделікті шығатын АҚШ басылымдарындағы материалдардың 10 пайызға жуығы синдицияланған мақалалар. Агенттік қызметіне көбінесе саяси шолушылар, әдебиетшілер, сондай-ақ ғалымдар мен журналистер жүгінеді. Сонымен қатар репортаждар, комикстік мақалалар міндетті түрде агенттіктің бақылауынан өтеді. Тұрсын Қ, Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001.
Дереккөздер
Санат:Журналистика