«Аманай мен Заманай» — Сәкен Жүнісовтің романы. Бастапқыда, 1987 жылы «Заманай мен Аманай» деп аталатын повесть ретінде жарияланды, кейін едәуір толықтырылды.
Туындыға 1930-шы жылдардың дүрбелеңіне тап келген қазақ ауылдарының тағдыры оқиға етіп алынған. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ аулының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Жазушы» 2011 жыл.
1997 жылы шығарма бойынша «Заманай» атты көркем фильм түсірілді.
2018 жылы роман ағылшын тіліне аударылды.Сәкен сері шығармасы ағылшын тілінде сөйледі — «Егемен Қазақстан», 14.09.2018.
Дереккөздер
Санат:Романдар