Джордж Хэйтем (1910, Буффало, Нью-Йорк штаты - 1988) – Америка және Қытай дәрігері, белгілі коммунист қайраткері. Қытайша есімі – Ма Хайдэ.

Солтүстік Каролина университетінде, Бейруттегі Америка университетінде және Женева университетінде оқыған.

1933 жылы Шанхайға практикаға келіп, тамыр ауруларын емдеуге шынығады. Қытай коммунистерімен байланыс орнатады. 1936 жылы Шанхайды тастап, елдің солтүстігінде орналасқан Қытай коммунистерінің бақылауындағы «Ерекше ауданға» барады.

Қытай Қызыл армиясының бас дәрігерлерінің бірі. Мао Цзедунның және басқа да белгілі коммунистердің жеке дәрігері болады. 1937 жылы Қытай Коммунистік партиясы құрамына кіреді.

1940 жылы актриса Чжоу Суфэйге үйленеді. Азаматтық соғыста коммунистер жеңген соң денсаулық сақтау орындарында қызмет атқарады. 1978 жылы АҚШ-қа кетеді. 1988 жылы Қытайда қайтыс болады. Жерлеу рәсіміне Қытайдың Денсаулық сақтау министрі, АҚШ-тағы ҚХР елшісі және АҚШ билігінің өкілдері қатысты.

Дереккөздер

Санат:1910 жылы туғандар Санат:Буффалода туғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Чапел-Хиллдағы Солтүстік Каролина университеті түлектері Санат:Женева университеті түлектері Санат:Қытай коммунистік партиясы мүшелері Санат:Қытай медиктері