Александр Николаевич Гаркавец (19.10.1947 ж.т., Украина, Донецк облысы Старбешево ауданы Светлый луч дер.) – филология ғылымдарының доктыры (1987).

Харьков университетін (1970), КСРО ҒА Шығыстану институты және Украина институтының аспирантурасын (1975) бітірген. 1970–71 ж. «Соціалістична Харьківщина» газетінде, 1971–1972 ж. Харьков университетінің баспасында қызметкер, 1975–1988 ж. Украина Тіл білімі институтында кіші, аға ғылым қызметкер әрі Киев мемлекеттік университетінде оқытушы (1978–1981, 1984–1985), 1988–1992 ж. Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі, 1992–1994 ж. Қазақ ұлттық мәдениет қорының вице-президенті, ғылым және мәдениет бөлімінің директоры болды. 1994 жылдан «Украінскі новини» газетінің бас редакторы.

«Разработка и структура тюркских языков в иноязычном окружении» деген тақырыпта доктрық диссертация қорғады. Негізгі ғылым-зерттеулері түркітану, тіл теориясы және тілдердің қарым-қатынасы мәселелеріне арналған.

ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлық лауреаты (1998.).Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:19 қазанда туғандар Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Макаренко медалінің (Украина) иегерлері Санат:Түркітанушылар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Старбешево ауданында туғандар Санат:Украина филологтары Санат:Харьков университеті түлектері Санат:Киев мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақстан бас редакторлары Санат:Қазақстан Президенті сыйлығының иегерлері