Бурылша (, ) — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Орынбор облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Үлкен Иік өзенінің оң жағалауынан 70 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 23 км-ді құрайды.

Атауы Өзеннің атауы жылқы малының түсін білдіретін — бурыл, буырыл деген сөздерден шыққан. Бұл туралы Б. А. Моисеев өзінің «Орынбор облысының жергілікті атаулары. Тарихи-топонимикалық очерктер» (Местные названия Оренбургской области. Историко-топонимические очерки) атты кітабында былай жазған:

Өзен атауы түркі бурын- (бурыл-) түбірінің негізінде жылқы малының түсі «буырыл» (жүні ашық, жалы мен құйрығы қара түсті) мағынасын білдіреді, ал атауының -са бөлігін кішірейткіш-еркелеткіш жұрнақ ретінде қарастыруға болады. Башқұрттың Бурунса (Бурунча) орыс сөйленісіндегі Чалко, Чалка деген жылқыларының лақап атына сәйкес келеді.

Мынандай аңыз бүгінгі күнге дейін жеткен. Ертеде башқұрттар Бурунча өзенінің бойын жайлаған. Бір жылы көктемгі қатты су тасқынында Бурынса деген башқұрт қызы өзенге батып кетеді. Осы өзен сол қыздың есімімен аталып кетеді.

Су реестрінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Үлкен Ик. Өзен саласы — Сала болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).

Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 12010000612112200006108 Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200610 Су алабының коды — 12.01.00.006 ГЗ томының нөмірі — 12 ГЗ бойынша шығарылуы — 2

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі

Санат:Ресей өзендері