Жасыбай – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы (Жасыбай аулынан 8 км) табиғаты көркем, тұйық көл. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 397 м биіктікте.

Аумағы Аумағы 4 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,4 км, ең терең жері 14,7 м. Суының көлемі 25 млн. м3, су жиналатын алабы 31,2 км2.

Жер бедері Көл тектоникалық қозғалыстың әсерінен пайда болған. Жағалауы биік жартасты, солтүстік-батыс бөлігі жайпақ келген. Түбі тегіс, лайлы. Суы тұщы, мөлдірлігі 0,5 – 3 м, көкшіл сұр түсті. Жағалауында демалыс үйлері, Баянтау туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем.

Жануарлары Суында тұқы, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардың 50 шақты түрі (қаз, үйрек, тырна, аққу, т.б.) мекендейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

Дереккөздер

нобай|солға|220px|Жасыбай көлі курорт маусымының қызған шақта

Санат:Баянауыл ауданы көлдері