Жетек – машиналар мен механизмдерді жүргізу үшін қозғалтқыштан, беріліс механизмдерден және басқару жүйесінен тұратын құрылығы. көлік жеккенде арба, шананы доғамен жалғастыратын құрал. Жетек ағаштан не арқаннан жасалады.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том жалпы алғанда қозғалтқыштан, беріліс механизмдері мен басқару жұйесінен тұратын машиналар мен механизмдерді қозғалысқа келтіретін құрылым. Жетек түрлері Гидравликалық жетек - тежегіш механизмдеріне құбыр арқылы сұйықтық берілу нәтижесінде күш түсетін тежегіш жетек. Гидропневматикалық жетек - көлік құралдарының тежегіш механизмдеріне сұйықтық арқылы күш берілетін және энергияның пневматикалық көзі бар аралас тежегіш жетек. Шынжыртабан жетегі - көлік құралдарының шынжыр табанына қозғалтқыштан жетекші жұлдызшалар арқылы айналу иінді күшін беретін жетек. Тежегіштің екіконтурлы жетегі - әр қайсысы көліктік құралдың тежегіштік механизмімен байланысқан тежегіштік краннан немесе бас цилиндрдан кейін екі тәуелсіз жұмыс істейтін тежегіштік контуры бар тежегіш жетек. Тежегіштің екіөткізгішті жетегі- тіркеменің тежегіштік жетегінің байланысы екі құбыр арқылы іске асатын автопоездің гежегіштік жетегі - бірінші құбырда: тартқыштың рессиверін тіркеме рессиверімен жалғайды, екіншіде тежегіштік кранды тіркеменің ауа таратқышымен жалғайды. Доңғалақтар жетегі - крандық білік және басқа механизмдер арқылы айналдырушы иінді күшті келіктік құралдың беріліс қорабынан жетекші доңғалағына апаратын тасымалаийтынкүштік беріметің белігі. Тежегіштің құрама жетегі - автопоездің бірөткізгішті және екіоткізгішті тежегіштік жетектерінің қосылысы. Тежегіштің механикалық жетегі - көліктік құралдың тежегіш механизміне күш білікшелер, иіндер мен сым арқандар жүйесі арқылы берілетін тежегіш жетек. Бір контурлы тежегіш жетегі - көліктік құралдың тежегіш жүйесінің барлық тежегштік механизмімен байланысқан тежегіштік краннан кейін немесе бас цилиндрдан кейін жалғыз контуры бар тежегіш жетек. Бірөткізгішті тежегіш жетегі - тіркеменің тежегіштік жетегімен байланысы бір құбыр арқылы тежегіштік кранның жеке секциясынан немесе тартқыш-автомобильдің бас цилиндрі арқылы ісқае асатын автопоездің тежегіштік жетегі. Белдіктің параллелді жетегі - транспорттық құралдың әр жетекші белдігіне айналдырушы иінді кіш жеке кардандық білік арқылы берілетін беріліс Басқышты жетек - велосипед немесе мопедтің жетекші доңғалағына басқыш немесе шынжырлы беріліс арқылы адам аяғы арқылы айналуды жеткізетін жетек. Пневматикалық жетек - механизмдер мен машиналар қозғалысын ауа сығылуы көмегімен жүргізетін жетек. Тежегіштің пневматикалық жетегі - тежегіштік механизмдерге күшті құбырлар арқылы ауа сығылуымен беретін тежегіш жетегі. Рөлдік жетек - рөлдік механизмнен көліктік құралдың басқарушы доңғалақтарына үстеме жеткізетін және олардың арасында кинематикалық келісімді камтамасыз ететін рөлдік басқарудың бөлігі. Стартер жетегі - іштен жану қозғалтқышының маховигінің тісті тәжімен стартер білігінің тісті дөңгелегін қосатын және ажырататын қондырғы. Тіркес жетегі - көліктік құралдың тіркестерін қосып және ажырататын құрылым. Жылу алмасу жетегі - газдық құбырдың жылу алмасуының баяу айналуын жүзеге асыратын жетек. Тежегіш жетегі - басқарушы сигналды және жетекті күшті көліктік құралдың тежегіштік механизміне үстеме жетек жеткізуге қызмет ететін тежегіштік жүйенің бөлігі. Электрлі жетек - механизмдер мен машиналар қозғалысын электр қуатымен жүргізетін жетек. Электрлі тежегіштің жетегі - тежегіштік механизмдерге электр куаты берілетін тежегіштік жетек. Тежегіштің электропневматикалық жетегі - электр қуаты бұйрықтық сигналдарды беруге, ал сығылған ауа тежегіштік механизмде жетектік үстеме жасауға пайдаланатын тежегіштік жетек.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Тағы қараңыз Жермен қосу
Дереккөздер</span>
Санат:Құралдар Санат:Көлік бөлшектері