Жосалыкезең – Іле Алатауының Үлкен Алматы сілеміндегі асу.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3337 м. Асу арқылы Үлкен Алматы (Озерная) өзенінің сол тармағы – Серкебұлақтың бас жағынан Проходная өзеніне құятын бастауларға қарай өтуге болады. Бұл төте жол Алматы тұрғындарына кеңінен мәлім. Табиғаты аса сұлу Үлкен Алматы көлінен асу өтетін үстіртке дейін баратын автомобиль жолы бар. Жосалыкезеңде Қазақстан ҰFA-ның өлшеу-бақылау пунктері орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Асуда Тянь-Шань ғылыми биік таулы станциясы (Космостанция) орналасқан. Асу Үлкен Алматы көлінің аумағында Алматы және Озерное шатқалдарының жоғарғы бөлігін қосады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Алматы облысы туризмінің ресми сайты Іле-Алатау ұлттық паркінің ресми сайты
Санат:Алматы облысы асулары Санат:Іле Алатауы