Жылқы () – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы.
Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Қолға үйрету тарихы Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебра, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.
Қазақстандағы тарихы Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Арийлер кезеңі Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі – жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады.
Сақтар кезеңі Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі – жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т.б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген сенімнен пайда болған.
Биологиясы Өмір мерзімі және кезеңдері Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды.Ensminger Horses and Horsemanship pp. 46–50 Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гиннесс рекордтар кітабына енген.
Жылқы төлдерін былай бөледі: құлын (биенің жас төлі), жабағы (6 айдан асқан құлын), тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды: құнажын байтал (2 жастан асқаны), дөнежін шығар (3 жастағы байтал), дөнежін байтал (3 жастан асқаны), бесті бие (4 жастан асқаны), қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие), кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие), жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды. Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: құнан айғыр (2 жастан асқаны), дөнен айғыр (3 жастағысы), сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны), бесті айғыр (5 жастағысы), сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Сипаттамасы Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.
Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.
Дене бітімі thumb|right|300px|Жылқының дене бітімі. Дене бітімінің атаулары (сурет бойынша): 1. Көз ауданы [область глазницы – regio orbitalis]; 2. Қабақшұңқыры [надбровная ямка]; 3. Маңдай [лобная область – regio frontalis]; 4. Кекiл [чолка (челка) – cirrus capitis]; 5. Төбе [теменная обл. – regio parietalis]; 6. Шүйде, қарақұс [затылок – regio occipitalis]; 7. Желке [выйная сухожилия – ligamentum nucha]; 8. Жал [грива – juba]; 9. Мойын [шея – cervix collum]; 10. Шоқтық [холка (загривок) – regio interscapularis]; 11. Арқа [спина – dorsum]; 12. Белдеме [поясница – reg.lumbalis]; 13. Сербек [маклок – tuber coxae]; 14. Шорта [крестцово-позвоночная обл. – reg.lumbo-sacra-iliaca]; 15. Сауыр [круп – pelvis]; 16. Ашқұрсақ [подвздох – reg. iliaca]; 17. Құйымшақ [крестец – reg. sacralis]; 18. Құйрық түбi [репица – radix cirri caudac]; 19. Құйрық аламайы [промежность – reg. perinealis]; 20. Қоң (қоң ет) [ягодица – gluteus]; 21. Сайлық [мускулярный желоб бедра – sulcus musculi membri pelvini proprii]; 22. Санның қоң етi [двухглавая и четырехглавая мышц бедра – m.m. biceps et quadriceps brachii]; 23. Асықты жiлiк [кости голени – берцовые кости – ogga cruris]; 24. Толарсақ [скакательный сустав (заплюска) – articulatio tarsi]; 25. Тiлерсек, қылта[голенотаранный сустав – articulatio tarsocruralis]; 26. Шап ет [надколенная складка – musculi inguinalis]; 27. Ұма (еркек малда) [мошонка – scrotum]; желiн (ұрғашы малда) [вымя – uberis]; 28. Қарын [брюхо – reg.abdominalis]; 29. Қабырға (қарын мен қабырғаны қосып қаптал дейдi) [ребра – costae]; 30. Үзеңгiлiк, тебiнгiлiк [сердечная обл. – reg.cardiaca]; 31. Шынтақтың айдарбасы [локтевой бугор – tuber olecrani]; 32. Жiлiншiк [предплечье – antebrachi]; 33. Тебен сүйек [ру-диментарные грифельные костипясти (II, IV)-os metacarpalis secundum et quartum]; 33. Қолаңса [пальцевые мякиши в конце грифельных костей]; 34. Тұяқ [копыто – ungula]; 35. Шаша [щетки – cirrus pedis]; 36. Шiдерлiк [венчик – reg.os.coronalis]; 37. Тұсарлық [путо – reg.ossis compedale seu(немесе) metacarpaphalangaea]; 38. Жiлiншiк [пясть – ossa metacarpalia]; 39. Тiзе [запятный сустав – articulatio carpi]; 40. Қар жiлiк(кәрi жiлiк) [лучевая кость – radius]; 41. Тоқпақ жiлiк (тоқпан жiлiк) [обл. плечевой кости – reg.humeri]; 42. Төс (төс қасқасы) [предгруднная обл. – reg.presternalis]; 43. Топшы [плечево-лопаточный сустав – articulatio humeri]; 44. Қолдың (жауырынның ойынды етi) [мышц грудных стенок (или лопатки) – m.m.membri ithoracici proprii]; 45. Алқым [reg.subhyoidea]; 46. Күре қобысы [яремная желоб шей – sulcus jugularis]; 47. Сағақ [подчелюстная обл. – reg.submandibularis]; 48. Ұрт [шечная обл. – reg.buccalis]; 49. Жақ ет [обл.жевательной мышц – reg.massoterica]; 50. Салпы ерiн [нижняя губа – labium mandibulare]; 51. Ерiн(үстiңгi ерiн) [верхняя губа – labium maxillare]; 52. Танау (танау қыры) [переносица – reg.nasalis]; 53. Тұмсық [морда – reg.naris]; 54. Сүрiншек [proc.xiphoidea]; 55. Қазантолмас [передний брюш-ной отдел – epigastrium]; 56. Аш бүйiр, аш құрсақ [голодная ямка – fossa paralumbalis]; 57. Жаңбырлық [межреберные ямки – sulcus intercostalis]; 58. Құрсақ [reg. abdominalis]; 59. Сербек [маклок (наружной бугор) – tuber coxae]; 60. Шүйде [затылочная обл. – reg. occipitalis]; 61. Самай [височная обл. – reg. temphoralis]; 62. Көмекей [гортанная обл. – reg. laryngea]; 63. Ауыз [рот – reg. oralis]; 64. Кiндiк [пупочная обл. – reg. umblicalis]. Жылқының жаңбырлығы – жылқы санының көн етіндегі бұлшық арасындағы білеуленіп тұрған қобылы, сызық; жылқының кісегесі – жылқы қарнының майлы бөлігі; жылқының сайлығы – жылқы қолының үстіндегі екі тарам болып келетін сызық.ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “Слон”, 2012. – (иллюстрацияланған) ISBN 978-601-7026-17-22-том: Е – И – 736 бет.ISBN 978-601-7026-20-2
Түсі Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді. Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар; баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар жатады; алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады. Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.
Қоректенуі Жылқы шөпті жануарларға жатады. Жайылымда ол тәулігіне 25-тен 100 кг дейін шөп жейді. Жасына және тірі салмағына байланысты жылқы орта есеппен жазда тәулігіне 30-60 литр су және қыста 20-25 литр су ішеді. Жылқыны сіңіру үшін 4-5 акр жер керек, 2 га.
Жылқы азығы негізінен сұлы мен шөптен тұрады, бірақ соңғысы кейде сабанмен алмастырылады. Бірнеше рет сұлы мен сұлы басқа да дәнді жеммен алмастыруға тырысты, бірақ мұндай әрекеттердің барлығы табысқа жете алмады. Тек Италияда, Испанияда және Португалияда, әсіресе Шығыста арпа сұлы, жылқы жемі сияқты ерекше.
Көбеюі және дамуы