Болат Сейітқазыұлы Зәкиев (25 тамыз 1950, Қаратал ауылы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) – еліміздің мемлекеттік шекарасын қорғау қызметін ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан әскери қайраткер, генерал-лейтенант. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жоғары шекара командалық училищесін (1971), КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті инститын (1981) бітірген. 1971 – 78 ж. Шығыс шекара округында офицер, аға офицер, 1981 – 84 ж. бөлім бастығының орынбасары, 1984 – 88 ж. Ауғанстандағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті өкілдігінің аға жедел қызметкері, 1988 – 91 ж. Шығыс шекара округында жедел бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1992 – 95 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары – Шекара әскерлерінің қолбасшысы, 1995 – 97 ж. Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болды. 1999 жылдың шілде айынан Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры. ҚҚ-дәрежелі “Даңқ”, “Қызыл Жұлдыз” ордендерімен, Ауғанстанның “Батырлығы үшін” орденімен, он сегіз медальмен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары Санат:Зайсан ауданында туғандар