Зеренді — ауыл, Ақмола облысы Зеренді ауданы және Зеренді ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Көкшетау қыратындағы Зеренді тауының солтүстік-шығыс етегінде, Зеренді көлінің шығыс жағалауында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен76987083 7162 101,1 3388 3460 102,1 3695 3702 100,2

Тарихы Іргесі 1824 жылы қаланған. 1961 жылдан өзі аттас астық кеңшарының орталығы болып келді. 1997 жылдан Зерендіде астық қабылдау пункті, өндірістік кооператив, сүт зауыты, шаруа қожалықтары, серіктестіктер құрылған.

Кәсіпорындары Нан зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, құрылыс және көлік мекемелері, балық питомнигі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Жалпы білім беретін 3 мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, кинотеатр, емхана, аурухана, дәріхана, санэпидемиялық стация бар.Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллиннің мұражай үйі жұмыс істейді. Зеренді тауының баурайында жазғы лагерь, 2 демалыс үйі орналасқан. Ауыл маңындағы Жамантұз көлінің шипалы сазы емге жарамды. Зеренді көлінде ондатра өсіріледі, балық ауланады. Ауыл арқылы Көкшетау – Атбасар автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Зеренді ауданы елді мекендері Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері