thumb| alt=A.| Магнит. Магнит (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos — Магнесия тасы; Магнесия — Кіші Азиядағы көне қала) — магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене.Қазақ энциклопедиясы Магнит Магнит - дегеніміз бұл магнетизм деп аталатын күшті өндіретін объект. Сұрақ және жауап. Энциклопедия Дененің магнит өрісіне ендірілгеннен кейін магнит қасиетке ие болатын кесегі жасанды. Магниттің екі бөлігі болады, яғни солтүстік (N) пен оңтүстік (S). Күш сызықтары солтүстіктен шығып оңтүстікке кіреді. Ал алдын ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т.б.) бар. Магнит-тұрақты. Ол электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады. Магниттің қасиеттері Магнит дайындалған материалдың магнит гистерезис тұзағы тармақтарының магнитсіздендіру сипатымен анықталады. Магнит — Fe, Co, Nі, Аl, гексагональді ферриттер, т.б. негіздегі қорытпалардан жасалады. Асқын өткізгіш материалдан жасалған орамасы бар соленоидты немесе электрмагнитті асқын өткізгіш магнит деп атайды. Оны заттардың магнит-электр және оптикалық қасиеттерін, плазманы, атом ядроларды және элементар бөлшектерді зерттеуге арналған тәжірибелерде қолданады. Асқын өткізгіш Магнит байланыс техникасында және радиолокацияда электрмашиналарының Магниттік өрісінің индукторы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Магнетизм