Кері пропорционал шамалар– біреуі қанша рет артқанда (кемігенде) екіншісі сонша рет кемитіндей (артатындай) болып байланысқан екі шама.
Мысалы, х және у шамалары Кері пропорционал шамалар ретінде мынадай қатынас арқылы байланысқан: ху=к (яғни х=к/у және у=к/х), мұндағы к – тұрақты сан.Қазақ энциклопедиясы
Кері пропорционал шамалар - көбейтінділері тұрақты болатын шамалар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Дереккөздер:
Санат:Математикалық талдау