Нұра (2017 жылға дейін — Киевка)Қарағанды облысының кейбір елді мекендері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы — Қарағанды облысындағы кент, Нұра ауданы орталығы.
Географиялық орны Қарағанды қаласының солтүстік-батысында 210 км жерде, Үлкен Құндызды өзені сағасында орналасқан.
Тарихы Іргесі 1898 жылы қаланған. 1928 жылдан аудан орталығы, 1964 жылы кентке айналды.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен6807 5956 6626 111,2 2797 3260 116,6 3159 3366 106,6
Инфрақұрылымы Нұрада ауданы тамақ өнімдері комбинаты, астық қабылдау пункті, май, нан зауыттары, коммуналдық кәсіпорындар, ауданның тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, электр жүйесі басқармасы, автокөлік кәсіпорны, баспахана, балалар бақшасы, 3 орта мектеп, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, 2 кинотеатр, кітапхана, аудандық аурухана, емхана, дәріхана, санэпидстанса, т.б. мекемелер бар. Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге Даңқ ескерткіші орнатылған. Тың және тыңайған жерлерді игерушілер (1954–1956) құрметіне тұғырға алғашқы тың көтерушілер тракторы қойылған. Тұрғындары Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларымен, Осакаровка кентімен, ауданның басқа елді мекендерімен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жақын темір жол стансасы – Осакаровкаға дейін 81 км.
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері