Корпус ( – дене, бір тұтас): Корпус — кеменің тұлғасы. Корпус — бір заттың сыртқы қабы. Корпус — бірнеше ұқсас ғимараттың біреуі немесе үлкен ғимараттың бөлек бір үлкен бөлігі, мысалы: университеттің оқу корпусы. Корпус — кеглі (өлшемі) 10 пункт типографиялық қаріп. Корпус — қандай да бір мәтіндердің толық жинағы; корпустық лингвистиканың зерттеу пәні: «Корпус Герметикум» — грек тіліндегі, Гермес Трисмегистке тиесілі трактаттар жинағы.
Ұйымдар мен бірлестіктер: Армиялық корпус — басқа құрылымдардан (дивизия, бригада) тұратын ірі әскери құрылым, сонымен қатар әскери түрлерінің бөлімдері мен бөлімшелері. Корпус — кейбір мемлекеттердегі жабық әскери оқу орындарының атаулары, мысалы: Кадет корпусы — жастарды әскери мансапқа дайындайтын әскери оқу орны. Корпус — кейбір мемлекеттердегі қарулы күштер түрінің, әскер және қызмет түрінің атауы, мысалы: АҚШ Теңіз жаяу әскерінің корпусы; АҚШ Көлік корпусы; Ресей империясының Әскери топографтар корпусы. Корпус — қандай да бір мамандық немесе ресми статустың жиынтығы, мысалы: Дипломатиялық корпус; Заң шығарушы корпус. Корпус — түрлі ұйымдардың бөлімдері, мысалы: Студенттік корпус — мүшілігі өмір бойы жүретін академиялық ұйым.
Тағы қараңыз Дене (айрық) Фюзеляж
Санат:Әскери іс