Александр Александрович Егорочкин 1929 жылы 15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Полуден ауданының Ново-Георгиевка ауылында туған. Қазақ кен-металлургия институтын (1953) «Пайдалы қазбалар кенорындарын қазбалау» мамандануы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты (1973). 75 мақаланың авторы, 41 өнертабысқа құқығын куәландыратын құжаттары бар. 1953-1963 жылдары - Зырян қорғасын комбинатының пайдалану учаскесінің ауысым және БҚЖ участкесінің бастығы. 1958-1960 жылдары - №1051 п.ж. шетел кәсіпорнының кеніш басқармасының (Чехославакия) бас инженерінің орынбасары, бас инженері. 1963 жылдан - «ТүстіметБГЗИ» мақсатты ғылыми бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері жетекші ғылыми қызметкері, меңгерушісі. 1975 жылдан Алжирге іссапар, Апжир үкіметі жанындағы комиссияның инженер-кеңесшісі. 1978 жылдан - «ТүстіметБГЗИ» жетекші ғылыми қызметкері, мақсаттық ғылыми белімшесінің меңгерушісі, зертха на меңгерушісі. Кен технологияларын сараптамалық бағалауға қатысты (1989-1990). Кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес мүшесі. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, 3-ші дәрежелі «Кенші даңқы» белгісімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Металлургия Санат:1929 жылы туғандар