Хаббл ғарыш телескопы (, HST, КТХ, обсерватория коды «250») — Жерді айналып орбитамен ұшатын автоматты обсерваториясы, Эдвин Хаббл құрметіне аталған. Хаббл ғарыш телескопы — НАСА мен Еуропа ғарыш агенттігі бірлескен жобасы; НАСА үлкен обсерваториялары тізіміне кіреді .

Телескоптың ғарышта орналасуы жер атмосферасы мөлдір емес диапазондарда электромагниттік сәулелерді тіркеуге мүмкіндік береді; ең алдымен — инфрақызыл диапазонын. Атмосфера әсерінің жоқтығынан телескоптың айыру қабілеттілігі дәл сондай жер бетіндегі телескоптікінен 7—10 есе үлкен.

Тарихы

Алғысөз, концепциялар, алғашқы жобалар

Орбиталды телескоп ұғымы алғашқы рет 1923-жылы шыққан Герман Оберттың «Ғаламшараралық кеңістіктегі зымыран» () атты кітабында айтылады.

1946 жылы америкалық астрофизик Лайман Спитцер «Жерден тыс орналасқан обсерватория ерекшеліктері» атты мақала жариялайды (). Мақалада осындай телескоптың екі негізгі ерекшелігі көрсетіледі. Біріншіден, оның бұрыштық ажыратуы, атмосферадағы турбуленттік ағынмен емес, тек қана дифракциямен шектеледі; сол кезде жердегі телескоптардың ажыратулары 0,5 тен 1,0 бұрыштық секундты құрайтын, ал ажыратудың теоретикалық шегі дифракция бойынша айнасы 2,5 метр болатын телескоп үшін шамамен 0,1 секунд болды. Екіншіден, ғарыштық телескоп бақылауды инфрақызыл және ультракүлгін диапазондарда жүргізе алатын еді, ол жағдайда жер атмосферасының сәулелерді жұтуы әжептәуір .

Спитцер өзінің ғылыми мансабының басым бөлігінде осы жобаны іске асыруға тырысып бақты. 1962 жылы АҚШ ұлттық ғылым академиясы жариялаған докладта (баяндамада) орбиталды телескопты жасауды ғарыштық бағдарламаға қосуға кеңес береді, осылайша 1965 жылы Спитцер ірі ғарыштық телескоптың ғылыми тапсырмалары мен орнын анықтайтын комитет басшысы болып тағайындалады.

Ғарыштық астрономия екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дами түсті. 1946-жылы күннің ультракүлгін спектрі алғашқы рет алынды. Орбиталды телескопты «Ариэль» бағдарламасы аясында Күнді зерттеу мақсатында Ұлыбритания 1962-жылы ұшырған, 1966-жылы НАСА алғашқы орбиталды OAO-1 обсерваториясын жіберген (). Бірақ бұл миссия электрлік аккумулятордың старттан кейін үш күннен соң істен шыққандықтан сәтсіздікке ұшырайды. 1968 жылы OAO-2 ұшырылды, ол 1972|-жылға дейін, есептелген жарамды мерзімінен бір жыл артық қызмет істеп, жұлдыздар мен галактикалардың ультракүлгін сәулелерін бақылады.

OAO миссиялары айқын түрде орбиталды телескоптор маңызын көрсетіп берді, сондықтан 1968 жылы НАСА 3 м диматерлі рефлектор-телескопының құру жоспарын мақұлдады. Жобаны шартты түрде LST () деп атады. Ұшыру 1972-жылы жоспарланды. Бағдарлама қымбат құрылғының ұзақ мерзім жұмыс істеуін қамтамыз ету үшін телескопқа қызмет көрсету мақсатында тұрақты түрде пилотты экспедициялар жіберіліп тұруына екпін жасады. Сонымен қатар дамытылып жатқан «Спейс шаттл» бағдарламасы сәйкес мүмкіндіктер қамтамасыз етуге үміт берді Lyman S. Spitzer. (1979) History of the Space Telescope // Quarterly Journal of the Royal Astronomical Society. Vol. 20. P. 29.

Жобаны қаржыландыруға күрес ОАО сәттілігі арқасында астрономиялық қоғамдастықта ірі орбиталды телескоп салу керек деген тұжырым қалыптасты. 1970 жылы НАСА техникалық жақтарын зерттеу мен жоспарлау және ғылыми зерттеулер бағдарламасын құрайтын екі комитет ашады. Келесі қиындық қаржыландыруға кеп тірелді, бұл кез келген жер бетіндегі телескоптан әлде қайда көбірек қаражатты қажет етедін еді. АҚШ конгрессі келтітірілген сметада ұсынылған көп бөлігіне күмән келтіріп, бастапқыда екі ауқымды зерттеу жасауға мүмкіндік беретін құрылғылары мен обсеватория ішкі құрылысына кететін әжептәуір қаржысын кесіп тастайды. 1974 жылы, Форд бастаған, бюджет шығындарын қысқарту бағдарламасы аясында Конгресс жобаны қаржыландырудан толықтай бас тартады .

Бұған жауап ретінде астрономдар кең ауқымды лоббилық компания ұйымдастырды. Көптеген ғалымдар тікелей сенаторлары мен конгрессмендерімен кездескен, сонымен қатар ірі хаттар да жіберілді. Ұлттық Ғылым Академиясы орбиталды телескоп маңызы көрсететін баяндама жасайды, нәтижесінде сенат Конгресс бастапқыда жоспарлаған қаражаттың жартысын беруге келіседі.

Қаржылық таршылығынан шығынды азайтып, кішіректеу құрылғы жасақтау үшін жобаны да қысқартуға тура келеді, соның ішінде айна диаметрін 3-тен 2,4 метрге дейін қысқарту болды. Сонымен бірге, тест жасау мен жүйені жетілдіру мақсатындағы бір жарым метрлік телескоп жобасынан да бас тартылды, әрі Еуропалық ғарыш агенттігімен әріптестік құру шешілді. ЕҒА қаржыландыруға қатысуға келісті, әрі обсерваторияға керек бірнеше өз құрылғылары мен күн батареясын да беретін болды, ал НАСА осы үшін еуропалық астрономдарға кемінде 15 % обсерватория бақылау уақытын беретін болды . 1978 жылы Конгресс 36 млн доллар көлеміндегі қаржыландыруды мақұлдады, осыдан кейін бірден толыққанды ауқымды жобалау жұмыстары басталып кетті. Ұшыру уақыты 1983 жылға жоспарланған. 1980-жылдар басында телескопқа Эдвина Хаббл есімі берілді.

Жобалау мен құрылысын ұйымдастыру Ғарыштық телескопты жасау жұмысы көп компаниялар мен мекемелерге бөлініп берілді. Маршалл ғарыш орталығы жобалау, құрастыруға жауап берсе, Гаддард ғарыштық ұшу орталығы ғылыми құрылғыларды жасауды жалпы басқаруды қолға алды, әрі жердегі басқару орталығы ретінде таңдалды. Маршалл орталығы телескоптың оптикалық жүйесін жобалау мен жасау () және дәл бағдарлау датчиктерін жасауға «Перкин-Элмер» компаниясымен контракт жасады. «Локхид» корпорациясы телескоп үшін ғарыштық аппарат жасауға контракт алды Chapter 12. Hubble Space telescope // Dunar A. J., Waring S. P. (1999) Power To Explore—History of Marshall Space Flight Center 1960—1990. U.S. Government Printing Office, ISBN 0-16-058992-4.

Оптикалық жүйесін жасау thumb|left|Телескоптың негізгі айнасын жылтырату, «Перкин-Элмер» компаниясы лабораториясы, мамыр, 1979 жыл. Айнасы мен оптикалық жүйесі телескоптың ең маңызды бөлігі болды, сондықтан оларға ерекше қатал талап қойылды. Әдетте телескоп айналарының өтімдігі көрінетін жарықтың толқын ұзындығы шамамен оннан бірі болып дайындалса, бірақ ғарыштық телескоп ультракүлгін немесе инфрақызылға дейін дерлік диапазонда бақылауға арналғандықтан, айыру қабілеттілігі жердегі құрылғылардікінен он есе үлкен болуы керек, оның негізгі айнасы өтімдігі көрінетін жарық толқын ұзындығының 1/20, немесе шамамен 30 нм болатын болды.

«Перкин-Элмер» компаниясы белгілі пішінді айналар жасау үшін сандық бағдарламалық басқарулы станокты пайдалануға ниетті болған. «Кодак» компаниясы дәстүрлі жылтырлату технологияларын пайдаланып қосымша айна жасау үшін контракт алған, егер әлі іс жүзінде тексерілмеген технологиялармен анау-мынау болып қалған жағдайлар үшін («Кодак» компаниясы жасаған бұл айна қазіргі кезде Смитсон институты мұражайында тұр ). Негізгі айнаны жасау жұмыстары 1979 жыл басталды, жасауға жылулық ұлғаю коэффициенті өте төмен әйнек пайдаланылды. Салмағын азайту үшін айна екі бөліктен — ұялы торлы құрылыммен қосылған төменгі және жоғарғы бөлімдерден тұрды.

thumb|Смитсон авиации және ғарыштану мұражайындағы қосымша айна, Вашингтон.

Айнаны жылтырату жұмыстары 1981 жыл мамырына дейін жалғасты, алғашқы мерзімінен ұзақ, оның үстіне бюджеті де бастапқы межеден әжептәуір асып кетеді.. НАСА сол мерзімдегі өз есеп-қисаптарында «Перкин-Элмер» компания басшыларының біліктілігі мен осындай маңызды жобаны сәтті аяқтауына күмән тудырады. НАСА қаражатты үнемдеу мақсатында қосымша айнаға тапсырысынан бас тартып ұшыру уақытында 1984 жылдың қазан айына шегереді. Жұмыстар толықтай 1981-жыл аяғында алюминийден шағылдыру қабатын қалыңдығы 75 нм етіп боялған соң және магний фторидынан жасалған қалыңдығы 25 нм қоғаныс қабатын жаққаннан кейін бітеді..

Осыған қарамастан, «Перкин-Элмерге» күмән әлі болды, себебі оптикалық жүйенің басқа бөлшектерінің жасалып біту мерзімі ылғи шегеріліп, ал бюджеті өсіп отырды. Компанияның жіберіп отырған жұмыс кестесін НАСА «анықталмаған және күнде өзгеріп тұратын» деп сипаттап телескоп ұшырылу уақытын 1985 жылдың сәуір айына созды. Соған қарамастан мерзімдері созыла берді, орта есеппен әр тоқсанда бір айға шегерілді, ал бітуге жақындағанда күн сайын бір күнге шегерілді. НАСА тағы екі мәрте ұшыру мерзімін созуына тура келді, басында наурызға, артынша 1986 жылдың қыркүйекке. Сол уақытта жобаның жалпы бюджеті 1,175 млрд долларға дейін өсіп үлгерді .

Ғарыштық аппарат thumb|left|Ғарыштық аппаратты жасау басқы кезеңдері, 1980.

Келесі күрделі инженерлік жұмыс телескоп пен басқа құрылғыларын ғарыштық кеме жасау болды. Құрылғыларды күннің тікелей жарығындағы ыстықтан және жердің көлеңкесіндегі суық салдарынан тұрақты түрде температураның құбылуынан қорғау және телескопты ерекше дәл бағыттау негізгі талаптарды құрады. Телескоп жеңіл алюминий капсулына орнатылды, бұл капсула тұрақты температура қамтасыз ететіндей көп қабатты термоизоляциямен қапталды. Көмірпластиктен тұратын ішкі кеңістіктік рама капсула қаттылығы мен құралдардың нық орнатылуын қамтамасыз етті .

Ғарыштық аппарат дайындау оптикалық жүйеге қарағанда сәттірек өткенімен «Локхид» та кестеден ауытқып, бюджеттен де асып кетуге мәжбүр болды. 1985 жылы мамырда алғашқы бюджеттік межеден 30 % асып кетті, ал жоспарлық мерзімнен кешігу — 3 ай. Маршалл ғарыш орталығы мәлімдемесінде компания жұмыс істеу барысында өзі бастама жасамай, НАСА кеңесіне ғана құлақ асатын деп атап көрсетті .

Зерттеулерді үйлестіру және ұшуды басқару 1983 жылы НАСА мен ғылыми қоғамдастық арасындағы кикілжіңнен кейін Ғарыштық телескоп ғылыми институты құрылды. Институтты Университеттердің Астрономиялық зерттеулер ассоциациясы басқарады, ол Балтимор, Мэриленд штатындағы Джон Хопкинс университетінің кампусында орналасқан. Хопкинс университеті — ассоциацияға мүше 32 АҚШ университеттері мен шетелдік ұйымдардың бірі. Ғарыштық зерттеулер ғылыми институты ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру мен астрономдардың осы білімдерге қол жетімдігін қамтасыз етуге жауап берген; бұл функцияларды НАСА өз бақылауында қалдырғысы келген, бірақ ғалымдар оларды академиялық мекемелерге беруді жөн көрді.

Еуропа ғарыштық телескоп үйлестіру орталығы 1984 жылы Гархинг, Германия, қаласында құрылып дәл сондай мүмкіндіктерді еуропалық астрономдарға беруді қамтамасыз ететін болады.

Ұшуды басқару Гринбелт қаласында (Мэриленд штаты), ғарыштық телескоп ғылыми институтынан 48 шақырымда орналасқан Годдард ғарыштық ұшыру орталығына жүктелді. Телескоп жұмысын тәулік бойы төрт топ мамандар кезекпен бақылайды. Техникалық қолдау НАСА мен контакттік-компаниялармен Годдард орталығы арқылы іске асады.

Ұшыру және жұмыстың басталуы thumb|Бортында «Хаббл» телескопы бар «Дискавери» шаттлы.

Бастапқыда телескопты орбитаға жіберу 1986 жыл қазан айына жоспарланған еді, бірақ «Челленджердің» қаңтардың 28 апатынан кейін «Спейс шаттл» бағдарламасы бірнеше жылға тоқтатылғандықтан ұшыруды басқа уақытқа шегеруше тура келді.

Осы уақыт кезінде телескоп жасанды түрде тазаланған атмосфералы бөлмеде сақталды, ал борттық жүйелері кей бөлшектері қосылып тұрды. Сақтауға да айына 6 млн доллар шығын кетті, сәйкесінше жоба бюджеті де одан ары аса берді.

Мәжбүрлік дер кезінде ұшуды шегеру бірқатар жетілдіруді енгізуге ықпал етті: күн батареялары одан да эффективтісіне ауыстырылса, борттық есептеу кешені, байланыс жүйесі де жетілдіріле түсті, сонымен бірге жемдік қорғаныс қаптамасы құрылымы да телескопқа орбитада қызмет көрсетілуін жеңілдету мақсатында өзгертілді. Оның үстіне, телескопты басқару үшін бағдарламалық қамтамасыздандыру 1986-жылы дайын болмады және іс жүзінде толықтай ұшыру алдында ғана 1990-жылы жазылып бітті .

Шаттлдар қайта ұша бастағанда 1988 жылы ұшыру біржола 1990 жылға көзделді. Ұшыру алдында айна бетінде жиналған шаңды сығылған азотпен тазартылды, ал барлық жүйелері толықтай бір тексеріліп шығады.

Шаттл «Дискавери» STS-31 1990 жылдың сәуірдің 24 ұшырылып, ал келесі күні телескоп есептелген орбитаға шығарылады.

Жобалау барысында алғашқы бюджеті 400 млн болғанымен ақыры жалпы 2,5 млрд доллар кетті. Жобаның жалпы құны 1999 жылғы есеп бойынша АҚШ жағынан 6 млрд доллар және ЕҒА жағынан 593 млн еуро шыққан .

Ұшу кезінде орнатылған құрылғылар