Арбуга – Арбугтік коммуна Вестманландық леннің әкімішілік орталығы. Швеция қаласы. Халқының саны — 10 330 адам (2010).

Қала маңызды көлік торабы болып табылады. Оның территориясында еуропалық маршруттар Е18 және Е 20, сондай-ақ теміржолдар Mälarbanan және Svealandsbanan қиылысады. Қала экономикасында авиақұрылыс пен ақпараттық технология компаниялары маңызды рөл атқарады. Арбугада орналасқан ірі компаниялары ретінде Celsius Aerotech AB және Volvo Aero Corporation атауға болады.

Тарихы Негізі VIII ғасырда қаланып, қала ретінде XIII ғасырдан бастап аталған. Атауы (алғашқы атауы Arbugæ) екі бөліктен тұрады: Ar көне швед тілінен аударғанда «өзен» және bugh «бұрылыс» деген мағынаны білдіреді. Ал өзара біріккендегі мағынасы «өзеннің бұрылысы». 1285 жылы бұл жерде бүкіл Скандинавия монастырь орденіне басшылық еткен францискандық монастырьдың негізі қаланған. XVI ғасырдың 60 жылдары шаһарда сауыт пен қару-жарақ өндіретін мануфактура бой көтерген.

Дереккөздер

Санат:Швеция қалалары