Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) — Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік.

Тарихы Қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалана бастады.

1906 жылы Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты.

1943 жылы Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884–1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856–1957) сайланды. Қазақстанда қазият құрылып, Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қ-ның имамы қызметін атқарды.

1952–1972 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890–1972), 1972–1979 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932–1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ.

1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият.

Басқарманың 2000 жылы өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды.

2013 жылғы 19 ақпанда Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Ержан Маямеров Бас мүфти болып сайланды.

2017 жылғы 8 желтоқсанда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз Бас мүфти болып сайланды.ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайында Наурызбай Тағанұлы Өтпенов Бас мүфти болып сайланды.

Бас мүфтилер тізімі

Рәтбек қажы Нысанбайұлы Әбсаттар қажы Дербісәлі Ержан қажы Малғажыұлы Серікбай қажы Ораз Наурызбай қажы Тағанұлы

Құрылымы

ҚМДБ-ның құрылымы:“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Басқарма төрағасы, Бас Мүфти, Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы, Аппарат жетекшісі Діни істер, Шариғат және пәтуа, Мешіт істері, Халықар. байланыс, Хаттама, Қажылық, Уағыз-насихат, Ғылым және білім, Жалпы және жастар ісі, Халал өнімдерін стандарттау, Баспасөз және интернет, Әйелдер-қыздар бөлімі Іс басқармасы.

Оқу орындары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институты «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы «Астана» медресесі «Әбу Ханифа медресесі» «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі

Медиасы Басқарма жанынан «Munara» атты газетМҮФТИЯТТЫҢ «МҰНАРА» ГАЗЕТІ ШЫҚТЫ (ФОТО) (2019 жылғы қазаннан) және «Иман» атты журнал (2002 жылғы қарашадан) шығады.

Зекет қоры ҚМДБ Зекет қоры 2011 жылғы 3 маусымда Әділет Министрлігінде тіркелді. Қордың толық заңды атауы: «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры» Корпоративтік қоры.

ҚМДБ Зекет қоры — жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым.

Құран мен сүннетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының зекетінің жиналуы мен таратылуын жүзеге асыру

Мешіттері Қазақстанда 2769 мешіт орналасқан.

Қазақстан бойынша ең көп мешіт орналасқан — Түркістан облысы, 753 мешіт орналасқан. Ең аз мешіт орналасқан — Астана, 13 мешіт орналасқан.

Алматы қаласы — 58 мешіт орналасқан. Шымкент қаласы — 106 мешіт орналасқан. Ақмола облысы — 91 мешіт орналасқан. Алматы облысы — 286 мешіт орналасқан. Ақтөбе облысы — 70 мешіт орналасқан. Қарағанды облысы — 128 мешіт орналасқан. Атырау облысы — 44 мешіт орналасқан. Жамбыл облысы — 313 мешіт орналасқан. Маңғыстау облысы — 35 мешіт орналасқан. Батыс Қазақстан облысы — 48 мешіт орналасқан. Қызылорда облысы — 180 мешіт орналасқан. Қостанай облысы — 28 мешіт орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы — 60 мешіт орналасқан. Павлодар облысы — 107 мешіт орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы — 98 мешіт орналасқан. Абай облысы — 110 мешіт орналасқан. Жетісу облысы — 193 мешіт орналасқан. Ұлытау облысы — 31 мешіт орналасқан.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы бойынша, Қазақстандағы орталық мешіт 2022 жылғы 12 тамызда түрік азаматы Али Тамириджидің қолдауымен Орта Азиядағы мешіт салды. Мешіттің аты — Республикалық Бас Мешіт. Ал осы уақытқа дейін орталық мешіт — Әзірет Сұлтан болған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ҚМДБ ресми сайты Алматы қаласының Орталық мешіті сайты Астана қаласының Хазірет Сұлтан мешіті

Санат:Ислам Қазақстанда