Қарғалы ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Орталығы – Бадамша ауылы. Жер аумағы 5,0 мың км².
Географиялық орны мен жер бедері Аудан батысында Мәртөк ауданымен, оңтүстігінде Ақтөбе қаласы және Хромтау ауданымен, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Аудан жерінің басым бөлігі жазық, төбелі-бөктерлі жерлер де кездеседі. Солтүстігінде Орал тауларының оңтүстік сілемдері бар. Аймақта тұщы жер асты сулары мен минералды сулардың үлкен қоры бар. Аудан экономикасы - ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына негізделген.
Климаты Аймақтың климаты күрт континенталды. Қаңтардың орташа температурасы -20 -25°С, шілде айында +25-27°С. Жауын-шашынның орташа жылдық түсімі 125-250 мм.
Тарихы 1935 жылы 16 ақпанда Степной ауданы болып құрылды. Орталығы Қосестек ауылы болды.
1957 жылы 26 қыркүйекте таратылған Родников ауданының бір бөлігі Степной ауданына қосылды.
1962 жылы 11 қазанда Ақтөбе облыстық атқару комитетінің шешімімен Степной ауданы таратылып, жері Новороссия және Мәртөк аудандарына берілді.
1966 жылы 31 қаңтарда бұрынғы Степной ауданының аумағында Ленин ауданы құрылды. Орталығы Қосестек (кейін Ленинское) ауылы болды.
1967 жылы 18 наурызда Ленин ауданының орталығы Ленинское ауылынан Бадамша кентіне көшірілді.
1997 жылы 17 маусымда Президенттің Жарлығымен Ленин ауданы Қарғалы ауданы болып аталды.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 13392 32554 28453 21811 20454 19172 16781 16899 Тұрғындар саны 17107 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,23%), орыстар (19,02%), украиндар (9,99%), немістер (4,45%), татарлар (1,36%), басқалары (2,95%).
Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 15 елді мекен 8 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ащылысай ауылдық округі Ащылысай ауылы 4 1277 Әлімбет ауылдық округі Әлімбет ауылы 1 837 Бадамша ауылдық округі Бадамша ауылы 1 5868 Велихов ауылдық округі Велиховка ауылы 2 319 Желтау ауылдық округі Петропавловка ауылы 1 2453 Кемпірсай ауылдық округі Жосалы ауылы 2 738 Қосестек ауылдық округі Қосестек ауылы 1 1496 Степной ауылдық округі Степное ауылы 2 890 Шәмші Қалдаяқов ауылдық әкімдігі Шәмші Қалдаяқов ауылы 1 1407
Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Бадамша 5824 Петропавловка 2453 Қосестек 1496 Шәмші Қалдаяқов (Александровка) 1404 Әлімбет 837 Ащылысай (Григорьевка) 784 Степное 592 Жосалы 574
Дереккөздер
Санат:Қарғалы ауданы