Қажарлар — Солтүстік Ирандағы түркі халықтары. Қызылбаш руларының бірінен шыққан. Мекен ететін аумағы Иранның солтүстігі, Горган провинциясындағы Совар-Шаку таулы аймағында және Мазандаран провинциясындағы Хазар-Джериб алқабында қоныстанған. Жалпы саны 30 мың адам.

Тілі Қажар тілі - (Әзербайжан тілінің бір диалектісі). Негізінен парсы тілінде сөйлейді.

Діні Қажарлардың басым көпшілігі Иранның мемлекеттік діні – шиизмді ұстанса, аз ғана бөлігі сунниттер.

Тарихы Қажарлар – аз санды түркітектес халықтардың бірі. Мамандар арасында қажарларды әзірбайжандардың бір бөлігі не өз алдына жеке ұлт ретінде қарауға байланысты екі түрлі болжам бар. Тарихшылардың пайымдауынша, қажарлардың ата-бабалары Иран жеріне ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Орта Азиядан қоныс аударыпты. ХҮ ғасырда Анатолияның «түркімендері» құрамында саналған. Жауынгер халықтың әскери қолбасшылары кезіндегі қуатты Сефевид мемлекетінің тірегі болды.

Кәсібі Су жағалауларындағы қажарлар отырықшы егіншілікпен айналысса, тауды мекендейтіндер қой мен ешкі бағады. Дегенмен, көпшілігі қалаларда тұрады және әлеуметтік жағдайлары жақсы. Қажарлардың біраз бөлігі парсылармен ассимиляцияға түсіп, араласып кеткен.

Дереккөздер

Санат:Иран халықтары Санат:Түркі этникалық топтары