Мияжапырақ таспа (Astragalus glycyphyllos) — бұршақ тұқымдасы, Қазақстанда сирек кездесетін, қалдық түр. Тек Алтайда (Үлбі, Үбі және Бұқтырма өзені аңғарларында) кездеседі. Қазақстаннан тыс Еуропаның орманды аймақтарында (Кавказды қосқанда) және батыс Сібірде таралған. Үштік дәуірдің орман қалдығы. Мәдени өсіруде келешегі зор. Тұқымынан өскен өсімдіктер жақсы гүлдеп, жеміс береді. Өзі көптеп шығады, мәдени түрде 40 жыл бойы өсірілуде Англияда азық ретінде арнайы өсіріледі.
Дереккөздер
Санат:Бұршақтар тұқымдасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер