Мах Саны, М-саны – белгілі бір нүктедегі ағын жылдамдығының (n) сол нүктедегі дыбыс жылдамдығына (а) қатынасына тең газ ағынының негізгі сипаттамасы: М=n /а. Дене газ ішінде қозғалғанда, М. с. дене жылдамдығының осы ортадағы дыбыс жылдамдығына қатынасы арқылы өрнектеледі. Бұл сан австриялық физик Э.Махтың есімімен аталған. М. с. — гидроаэромеханикадағы ұқсастық жағдайларының негізгі критерийінің бірі және ол газ сығылғыштығының оның қозғалысына әсерінің өлшемі болып табылады. ' М<<1 болса, онда газдарды сығылмайтын деп есептеуге болады. Жылдамдық >100 м/с болғанда, ауа сығылғыштығын ескеруге тура келеді. Бұл кезде М>0,3 болады. М<1 болғанда ағын дыбысқа дейінгі, М=1 болғанда дыбыстық, ал M>1 болғанда дыбыстан тез (шапшаң) ағын деп аталады. М>5' ағын облыстарында (гипердыбыстық ағын) газдағы физ.-хим. түрленулер айқын байқалады.

Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том Сілтемелер