Меңдіғалиев Нұрлан (1961 жылы туған, Алматы) – спортшы.

Су добынан спорт шебері (1980), Спортқа еңбек сіңірген шебер (1981), 1977 – 1980 жылдары Алматының “Динамо”, 1981 – 1990 жылдары Мәскеудің ЦСК ВМФ командаларының құрамында ойнаған.

Жетістіктері: КСРО чемпионы (1981 – 1982). КСРО чемпионатының күміс (1984, 1988) жүлдегері. КСРО чемпионатының қола (1980, 1983, 1985, 1987) жүлдегері. КСРО Кубогінің жеңімпазы (1982). Әлемнің (1982) чемпионы. Еуропаның (1985) чемпионы. 24-Олимпиялық ойындардың (1988, Оңтүстік-Корея, Сеул қаласы) қола жүлдегері.

Дереккөздер

* Қазақ энциклопедиясы