Стрелиция () – Стрелицияның отаны – Оңтүстік Америка. Стрелиция өзінің ерекше гүлімен күллі әлемді жаулап алды деуге болады. Оның атауы ағылшындық ханшайым Шарлотт- Софиидың құрметіне қойылған. Стрелиция мәңгіжасыл шөптесін өсімдік. Бойының биіктігі екі метрге дейін жетеді. Гүлдері құстың бас пішініне ұқсайтындықтан, оны кейде «Бақыт құсы» деп атайды. Флорашы мамандар гүлдерін қырқып, гүлшоғыр жасауға жиі қолданады. Себебі, кесілген гүлдері әдемілігімен қатар, бір айға дейін солмай, жақсы қалпын сақтай алады. Жапырақтары жасыл түсті, сопақ пішінді, ұзындығы 40 см. Жарығы: Жарық жерде өсіру керек. Шаңқай түстегіден бөлек, ертеңгілік және кешкілік тік түскен күн сәулелері зиян келтірмейді, қайта пайдалы. Жылуы: Қыс айларында 14-15°C болғаны абзал. Суғарылуы: Жазда топырағын үнемі ылғалдылықта сақтау үшін жиі әрі молынан суғару керек. Қыста сирек суғарады, бірақ топырағының құрғап кетпеуін қадағалау қажет. Ылғалдылығы: Жылы сумен уақтылы су бүркіп тұрған пайдалы. Қоректендірілуі: Наурыз айынан тамыз айына дейін арнайы гүлдейтін гүлдерге арналған сұйық тыңайтқышпен қоректендіру қажет. Аурулары: Трипстер мен кене зақымдайды. Дұрыс күтім жасалмаған жағдайда қоңыр дақтар пайда болады. Көбейтілуі: Көктемде тұқымы арқылы немесе қайта отырғызу кезінде түбін бөлу арқылы көбейтуге болады.

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Стрелиция тұқымдасы