Қоңыртемірші – Сарыарқадағы тау, Қарқаралы тауының оңтүстік-шығысында 80 км жерде.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде орналасқан. Ең биік жері - Қарасораң шоқысы (1369 м). Оңтүстіктен солтүстік-шығыс бағытта 45 км-ге созылып жатыр, ені 10 – 15 км.

Геологиялық құрылымы Тас көмір дәуірінің жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Аралары өзен арналарымен тілімденген тізбекті, жоталы және күмбезді таулардан тұрады. Батыс беткейі тіктеу, жартасты келген, бұл бөлігі Ақтайлақ, Қазанғап өзендерінің аңғарымен, шығыс беткейі жазда тартылып қалатын Шақабай, Қаражан, т.б. өзен, бұлақ аңғарларымен тілімденген. Қоңыртемірші Түндік, Қусақ, Ақтайлақ өзендерінің суайрығы.

Өсімдігі Шалғындық қызғылт қоңыр топырағында селеу, сұлыбас, бетеге, көде өседі, қайыңды-көктеректі орман, астық тұқымдас шөптесіндер кездеседі.Қазақ энциклопедиясыҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары