Ақшат – Үлкен Борсық құмының шығысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауылының оңтүстік-шығысында 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 285 м. Тау оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Маңайында Бесағаш, Көккөл құдықтары бар.

Өсімдігі Баурайындағы қоңыр топырағында жусан, құмдақшөп, жүзгін, күлтеқұйрық, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы таулары