Алакөл – Теңіз-Қорғалжын алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Құмкөл ауылының оңтүстік-батысында 9 км жердегі көл.

Гидрографикасы Аумағы 8,3 км2, теңіз деңгейінен 350,8 м биіктікте. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 3,7 км, жағалау бойының ұзындығы 13,5 км. Маңында Құмкөл, Саумалкөл, т.б. ірілі-ұсақты көлдер бар. Қар және жер асты суларымен толысады. Жағалауында қамыс, қоға, беде, жусан өседі. Су деңгейі 0,7 м-ге ауытқып отырады. Суы қарашада қатып, сәуір – мамыр айларында мұзы ериді. Суы ащы кермек, мал суаруға пайдаланылады.

Санат:Нұра су алабы Санат:Қорғалжын ауданы көлдері