Арқалық – Абай облысындағы Семейтау тауының оңтүстік-шығысында, Суықбұлақ көлінен 30 км жерде орналасқан ұсақ шоқылар тізбегінен тұратын тау. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 – 65 км-ге созылып жатыр. Енді жері 10-15 км, абсолюттiк биіктігі 519 м.

Жер бедері Ұсақ шоқыларының беткейлері көлбеуленіп, қырқалы жазыққа ұласады. Солтүстігінен Мұқыр, Қорғанбай, оңтүстігінен Ақтас, Сарыбұлақ, т.б. өзендердің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы Арқалық тауы төменгі тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың ашық қоңыр топырақты беткейлерінде тобылғы, қараған, қылқан селеу, жусан, етегінде ши, ажырық, т.б. өсімдіктер өседі. Тау етегі қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары