Долбилово – Тобыл өзенінің алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Өгізбалық қыстауынан солтүстік-батысқа қарай 22,5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 159 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 5,12 км2, ұзындығы 9,0 км, енді жері 1,8 км, жағалауының ұзындығы 20,5 км. Жағалауы жайпақ, аз тілімденген. Түбі тегіс, лайлы. Лайдың қалыңдығы 0,4 м-ге жетеді. Негізінен қар және жауын-шашын суларымен толығады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы біршама ашқылтым, аздап тұзды. Көл жағалауында қамыс, құрақ, жусан өседі.

Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы