Василий Васильевич Бунтовских (1921, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное селосы - 12.2.1945, Венгрия, Будапешт қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, взвод командирі.
1940 жылы Бунтовских Семей педагогикалық училищесін бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Қызыл Партизан ауылында мектеп директоры болды. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына алынды. 1941 жылдың тамызында майданға жіберілді. Ол 33-жеке саперлер батальонында (Воронеж майданы, 38-армия, 180-атқыштар дивизиясы) взвод командирі болды. 1943 жылы 28 қыркүйекте Бунтовскихтың саперлер взводы үздіксіз атқылаған оқтың астында Свалирье деревнясы маңында (Киев облысы Вышгород ауданы) қолда бар заттармен Днепр өзенінен өтетін өткел жасап, 2 атқыштар батальоны және 2 артиллериялық дивизионды өзеннен өткізді. Осындай ерліктері үшін Бунтолвскихқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.1.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 10 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 19 января (№ 3 (263)). — С. 1).
Будапешт қаласын азат ету барысында болған шайқаста Бунтовских қаза тапты. Будапешт қаласындағы Орталық офицерлер зиратына жерленген.
Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталды.
Дарственное және Күршім аудандарындағы көшеге, мектепке Бунтовских есімі берілген.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:1921 жылы туғандар Санат:Күршім ауданында туғандар Санат:12 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Мажарстанда қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысының саперлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Будапештте жерленгендер