Владимир Михайлович Счастнов (1.8.1915, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті - 11.10.1944, Польша) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, бөлімше командирі.

1938 жылы Хасан көлі маңындағы қақтығысқа қатысқан. 1942 жылдың қыркүйегінен 2-Беларусь майданына қарасты 1-гвардиялық шабуылдаушы инженер-саперлік бригаданың 4-гвардиялық жеке шабуылдаушы инженер-саперлік батальоны кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 10 қазанында Счастновтың саперлер бөлімшесіне шабуылдаушы күштер үшін Грабник деревнясы (Польша) маңындағы алаңды жау минасы мен тікенекті сымдарынан тазарту міндеті жүктелді. Тапсырманың негізгі бөлігі орындалған кезде жарылған минаның жарықшақтарынан бірнеше жауынгер қаза тапты. Счастнов 8 жерден жарақат алып, жеке өзі 18 минаны залалсыздандырды. Кезекті жарылған мина оның аяғын жұлып кетті. Өзіне берілген тапсырманы ерлікпен орындады. Счастновқа көрсеткен ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945).

Счастновтың есімі Қазалы қаласындағы бір көшеге берілген.

Ленин, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:1 тамызда туғандар Санат:1915 жылы туғандар Санат:Қазалыда туғандар Санат:11 қазанда қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Польшада қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы саперлері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО сержанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:Польшада жерленгендер