thumb|right|Иранның соңғы шаһиншаһы — Мұхаммед Реза Пехлеви Шаһиншаһ немесе шаһаншаһ (, «патшалардың патшасы» мағынасын береді) — ежелгі парсы (Ахемен әулеті мидиялықтардан алған), одан кейін ирандық патшалардың атағы.

Бұл атақ алғашқы рет Иранды билеп отырған Сасани әулетімен қабылданған, бірақ ол Ахемен әулетінің кезеңіндегі атақ «xšāyaθiya xšāyaθiyānām»-дан бастау алған. Сондықтан бірінші шаһиншаһ деп Ұлы Кирді атайды. Бұл атақ үзілістермен 2500 жыл бойы қолданыста болған. Соңғы шаһиншаһ Мұхаммед Реза Пехлеви 1979 жылы болған Иран ислам революциясының кезінде тақтан тайдырылды. Оның ұлы Реза Кир Пехлеви иран монархисттерімен заңды шаһиншаһ саналады.

Шаһиншаһқа ұқсас «Basileos Basileon» атағын Византиялық император Ираклий Сасанилерді жеңгеннен кейін алған.

Ахеменилерден кейін шаһиншаһ атағын алған әулеттер Әулет Мемлекет Билік жылдары Сасани әулеті Эраншахр 226—651 Бағратилер әулеті 24px Ания патшалығы (Армения) 921—1045 Буилер әулеті Ирак пен Иран 978—1055 Селжұқ әулеті Ирак пен Иран 1037—1152 Сефеви әулеті 24px Иран 1501—1794 Хотаки әулеті Иран 1722—1729 Афшари әулеті 24px Иран 1736—1795 Зендтер 24px Иран 1782—1794 24px Қажарлар әулеті 24px Ұлық Иран мемлекеті 1796—19251943 жылға дейін таласты 24px Пехлеви әулеті 24px Иран Шаһаншаһ мемлекеті 1925—1979

Дереккөздер

Санат:Иран тарихы Санат:Атақтар