2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері (кейде жай ғана 9/11 деп аталады) — АҚШ-та орын алған төрт өзара келісілген жанкешті лаңкестік шабуылдардың тізбегі11 қыркүйектегі шабуылдар БҰҰ қауіпсіздік кеңесімен «жантүршігерлік лаңкестік актілері» деп аталған. . Бұл шабуылдардың жауапкершілігін «әл-Қағида» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

thumb|right|Дүниежүзілік сауда орталығының (ДСО) жарылыс сәті. 11 қыркүйектің таңында «әл-Қағидаға» қатысы бар он тоғыз лаңкес төрт топқа бөлініп төрт рейстік жолаушылар ұшағын басып алды. Әрбір топ бастапқы ұшу дайындығынан өткен кем дегенде бір адамнан құралды.

Басқыншылар бұл лайнерлердің екеуін Нью-Йоркте, Манхэттеннің оңтүстік бөлігінде орналасқан Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына бағыттады. American Airlines 11 рейсі Дүниежүзілік сауда орталығының 1-ші мұнарасына соқтығысты (солтүстік), ал United Airlines 175 рейсі 2-ші мұнарасына (оңтүстік) соғысты. Соның нәтижесінде бұл екі мұнара қасындағы ғимараттарға үлкен нұқсан келтіріп, құлады. Үшінші ұшақ (American Airlines 77 рейсі) Вашингтон маңында орналасқан Пентагон ғимаратына бағытталды. Төртінші авиалайнердің (United Airlines 93 рейсі) экипажы мен жолаушылары ұшақ басқаруын лаңкестерден тартып алуға әрекеттенді; ұшақ Пенсильвания штатындағы Шенксвилл қаласының маңындағы далада құлады.

Шолу 19 лаңкестен басқа, шабуылдар нәтижесінде 2977 адам қаза тапты, тағы 24 адам із-түссіз жоғалып кетті. Қаза тапқандардың көбісі азаматтық тұлғалар болған.

Қайғылы оқиғаның ресми нұсқасы бірқатар журналистер, ғалымдар мен куәгерлердің тарапынан сынға ұшырады. Тәуелсіз тергеулер өткізіліп, олардың кейбірінің желісі бойынша деректі фильмдер түсірілді.

Тағы қараңыз Лаңкестік Әл-Қағида

Дереккөздер

Санат:Лаңкестік Санат:АҚШ тарихы Санат:Дүниежүзілік Сауда Орталығы Санат:Әл-Қағида