Керемет стефаниола таралу аймағы бөлшектеніп кеткен, сирек кездесетін түр. Екі жерден ғана: Өзбекстанда (Бұқара облысы,Құлжоқтаудан) және Қазақстанда (Іле өзенінің төменгі ағысынан, Бақанас елді мекенінен солтүстік-батысқа 20 шақырым жерден) белгілі. Сусымалы құм белестері (бархан) арасындағы сазды шөлдердегі сексеуіл, шеңгел, түйесіңір арасында тіршілік етеді. Дернәсілі шығыс сораңында (Salsola orientalis) дамиды. Қуыршақтануы беріште өтеді. Дамуы бір жылға созылады. Дернәсілі қыстап шығады. Ересектері сәуірдің екінші жартысында ұшады. Ұшуы 5-8 күнге созылады, ересегі 12-26 сағат тіршілік етеді. Санының төмендеуіне малды шектен тыс орынсыз жаю әсер етіп отыр. Түрді қорғау үшін тіршілік ететін ортасын қорғау қажет. Шөлді аймақтарда шағын қорықтар ұйымдастырған дұрыс болар еді.
Дереккөздер Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас