Үйде жалғыз қалғанда () — 1990 жылы сценариі бойынша түсірілген америкалық жаңа жылдық комедия. Режиссері - Крис Коламбус. Маколей Калкин фильмде Кевин Маккаллистердің рөлін сомдады. Кевиннің отбасы Парижге жаңа жылдық демалысқа ұшып кетіп, оны үйде қалай жалғыз қалдырып кеткендерін байқамай қалады. Алғашында Кевин үйдегі жалғыздықтан рақаттанады, бірақ кейіннен екі қарақшыға тап болады. Қарақшылар рөлдерін Джо Пеши мен Дэниел Стерн орындады. Сондай-ақ картинаға , және тағы басқа актерлар қатысты.
Сыншылар фильм жайлы әртүрлі пікір білдірді. Фильм Солтүстік Америкада шыққан жаңа жылдық комедиялар арасында ең көп кассалық табысқа ие болды. Сонымен қатар фильм АҚШ кинематографиясының тарихындағы ең көп кассалық табысқа ие болған комедия ретінде рекорд орнатқан. Бұл рекорд 2011 жылы «» кинофильмі шыққанға дейін ұсталып тұрған. Картина төрт сиквелдан тұратын франшизаның негізі болды, олардың екеуі ғана тікелей жалғасы болып саналады. Дегенмен «Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған» фильмінде ғана толықтай бұрынғы актерлық ұжым сақталды. Ал қалған екі сиквел толықтай дербес болып есептеледі.
1991 жылы фильм «» («Somewhere in my Memory» композициясы) және «» номинацияларында «Оскар» сыйлығына ұсынылды. «Somewhere in my Memory» композициясы «» номинациясы бойынша «Грэмми» сыйлығына ұсынылды, алайда жеңіске жетпеді. Басты рөлді орындаушы Маколей Калкин «» номинациясында «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды.
Сюжет Фильмдегі оқиға желтоқсан айында орын алған. Маккалистерлер отбасы Чикагоның шет аймағында орналасқан Питер мен Кейттің үйіне жиналады. Сол жерден барлығы бірігіп қыстық демалыстарын өткізу үшін Парижге ұшпақ болады. Үй иелерінің ұлы, сегіз жасар Кевинді туған бауыр-қарындастарымен басқа да өзі құралпылас туысқандары мазақ қылады. Кевин мен оның үлкен ағасы Базз өзара араздасып қалады. Кевинді жазалау мақсатында шатырдағы қабатқа ұйықтауға жібереді. Ыза болған Кевин отбасының жоқ болып кеткенін тілейді. Сол түні қатты жел соғып электр желілері зақымданады, сондықтан оятқыш сағаттағы уақыт артқа қалып қояды. Ертесінде асыққан отбасы, шатырдағы қабатта ұйықтап жатқан Кевинді ұмыт қалдырады. Кевин үйде жалғыз қалды.
Ояна салысымен Кевин үйде жалғыз қалғанын түсініп, тілегі орындалғанына қуанады. Әйтсе де көп кешікпей оның көңіл-күйі күрт бұзылады: көрші қарт Марлиді кездестірген балақайдың зәресі ұшады. Кевиннің естуі бойынша қарт Марли 1958 жылы өз отбасын қар күрейтін күрекпен өлтірген. Кейінірек Кевин тағы да басқа қатермен жолығады. Ол өз маңайындағы демалыс кезінде босап тұрған үйлерге ұрлықпен түсіп жүрген екі қарақшыны кездестіріп қалады. Өздерін «дымқыл қарақшылар» деп атайтын Гарри мен Марвтың көздері Маккаллистерлердің үйіне түскен. Оны білген Кевин әртүрлі қулықтар арқылы қарақшыларға өзінің үйде жалғыз қалғанын білдіртпеуге тырысады.
Парижге ұшып бара жатқан Кейт ұлын үйде жалғыз қалдырып қойғанына көзі жетеді. Анасы тезірек үйіне қайтпақшы болады, бірақ келесі екі күнге Чикагоға дейін билеттер жоқ болып шығады. Питер және отбасының басқа да мүшелері оның ағасы Робтың париждік пәтеріне жол тартады. Ал Кейт болса қайта АҚШ-қа ұшып кетеді, бірақ Чикагоға емес, Пенсильвания штатындағы қалашығына. Ол жерге жеткенде Кейт Чикагоға дейін ұша алмайтындығын біліп, жеңіл көліктегі полька орындайтын музыкалық тобымен бірге жол тартуға шешім қабылдайды. Ал ол уақытта Гарри мен Марв Кевинның расымен де үйде жалғыз қалғанына көздері жетеді. Алдыңғы түнде Маккаллистерлердің үйіне түспек болған олар, Кевиннің олардың жоспарын естіп қалғанын байқамай қалған.
Рождество күнінің дәл қарсаңында Кевин шіркеуге балалар хорын тыңдауға барады. Шіркеуде Кевиннің жанына қарт Марли келіп отырады. Онымен сөйлескен Кевин, Марли жайлы естіген сыбыстары өтірік екенін біліп, ол жайлы қателескеніне көзі жетеді. Марли шіркеуге хорда ән салатын немересін тыңдауға келгенін, оны шіркеуден тыс жерде көре алмайтынын айтады. Себебі ол кезінде ұлымен қатты ұрсысып, көп уақыт бойы бір-бірімен араласпаған. Кевин Марлиге ұлымен қайта татуласып көруге ұсыныс жасайды.
Шіркеуден үйіне қайтқан Кевин ұрыларды жақсылап күтіп алуға дайындалмақ болған. Ол үйдің әртүрлі жерлеріне кішігірім тұзақтар орнатады. Үйге кірмекші болған Гарри мен Марв Кевин ұйымдастырған кедергілерге тап болып, түрлі жарақаттар алады. Ұрылар Кевинді бүкіл үйді айналып қуғанда, ол полицияға қоңырау шалып көршінің үйіне қашып үлгереді. Әйтсе де Кевин Гарри мен Марвтың қолдарына түсіп қалады. Олар қалай қу балақайдан өштерін алатынын ақылдасып жатқанда, арттарынан Марли келіп күрекпен ұрып талдырады. Келіп жеткен полиция қызметкерлері «дымқыл қарақшыларды» дереу тұтқынға алады. Маңайдағы тоналған үйлерді су басып кеткендіктен, олардың бәрі екі алаяқтың істері екеніне тікелей дәлел болады. Тоналған үйден кетпек бұрын Марв ылғи да су құбырының шүмегін ашық тастап кететін.
Рождество күнінің таңертеңінде оянған Кевин өзін көңілді сезінеді, өйткені оның отбасы әлі де үйге қайтып келмеген. Сол сәтте ол кіреберіс есіктің ашылғанын естиді. Үйге кіріп келген Кейт Кевинді шақырады. Кевин анасына қарай түсіп, онымен қауышады. Дәл сол уақытта оларға бірінші пайда болған мүмкіндікпен үйлеріне қайтқан қалған Маккаллистерлер қосылады. Ұрылармен болған оқиғаны Кевин отбасындағы ешкімге айтпады. Кейіннен Кевин терезеден Марлидың өз ұлымен және оның отбасымен татуласқанын көреді. Марли да Кевинді байқап қалады – бір-біріне қол бұлғаған олар, әр қайсысы өз отбасына оралады.
Басты рөлдерде
Маколей Калкин – Кевин Маккалистер Джо Пеши – Гарри Лайм, қарақшы Дэниел Стерн – Марвин Мерчантс, Гарридің сыбайласы – Кейт Маккаллистер, Кевиннің анасы – Питер Маккаллистер, Кевиннің әкесі – Фрэнк Маккаллистер, Питердың ағасы Терри Снелл – Лесли Маккаллистер, Фрэнктың жұбайы
– Базз Маккалистер – Фуллер Маккалистер – Джефф Маккалистер – Меган Маккалистер – Линни Маккалистер Джедидайя Коэн – Род Маккалистер – Трейси Маккалистер Дайана Кампеану – Сондра Маккалистер – Брук Маккалистер – Хэзер Маккалистер
– Марли қарт – Гас Полински, "Орта Батыстағы полька патшасы" – Снейкс, «Лас жанды періштелер» фильміндегі гангстер – офицер Ларри Бальзак – боп киінген ер адам – әуежайындағы администратор
Өндіріс
1988 жылдың аяғында атты фильмнің сценариін агенті Джек Рапки арқылы Крис Коламбус жібереді. Хьюз Коламбустың жаңа жылдық фильмдерге деген жылы қөзқарасы жайлы біліп, оған фильмді түсіруге ұсыныс жасайды. Коламбус пен Хьюз алдын ала келісімге келеді. Дегенмен Коламбуспен басты рөлді орындайтын болған түсініспеушіліктен кейін, режиссерлік орнынан бас тартады.
1989 жылы Джон Хьюз өзінің сценарийі бойынша атты фильмін түсірумен айналысады. Бұл фильмде Маколей Калкин екінші қатарлы рөлде ойнады. Коламбус «Жаңа жылдық демалысты» түсіруден бас тартқаннан үш ай өткен соң, Хьюз оған тағы да екі фильмнің сценариін ұсынады. Хьюз мен «Үйде жалғыз қалғанда» атты сценарийлер жазған болатын. Бұл сценарийлерді Коламбустан басқа да ұсынады. Джонсон екі сценарийден де бас тартады, Коламбус болса «Үйде жалғыз қалғанда»-ны түсіруге келісімін береді. Басында фильм Warner Brothers студиясында түсірілуі керек болатын. «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің түсірілімі 1989 жылдың ақпан айында басталуы керек болатын. Бірақ Warner Brothers шығармашылық бюджетін екі есе көтеруге келіспей, фильмнен бас тартады (бастапқы бюджет 10 миллион долларды құраған). Жаңа демеушілер іздеген Хьюз 20th Century Fox директорлар кеңесінің төрағасы арқылы студияға фильмді ұсынады. 20th Century Studios келісімін беріп, 18 миллион долларды құрайтын бюджетті бөледі.
Хьюз Коламбусқа басты рөлге Маколей Калкинды алуға кеңес береді. Дегенмен Коламбус Кевиннің рөліне үлкен кастинг жариялайды. Ол Калкинның кандидатурасына тоқтамай тұрып, жүздеген балаларды қарап шығады (олардың ішінде Джеффри Уайзман да болған, кейіннен балаларды санағанда Кевинмен шатастырылып қалатын көрші бала Митч Мерфидің эпизодтық рөлін ойнады). Жасына байланысты Калкин тек қана кешкі сағат онға дейін ғана түсе алған. Бұл түсірілім ұжымына біршама қиындықтар әкелді, өйткені фильм көп жағдайда түн кезіндегі оқиғаларды көрсету керек болатын. Кевиннің орнына трюктарды орындайтын каскадерлермен жұмыс та ұжымға қиын тиген. Коламбустың айтуы бойынша: «Каскадер балалар трюктарды орындаған кезінде мүлде күлкіге деген орын болмады. Балақайлардың қауіпті трюктарына қарап, мен олардың аман-есендіктерін ғана тілейтінмін». Алғашында трюктер түгелдей қауіпсіздік белдіктерін қолдана орындалатын. Бірақ камерада тым көзге түскендіктен белдіктерден бас тартуға тура келді. Коламбус интервьюлердің бірінде Джо Пеши жайлы айта отырып: « фильміндегі Джоның кейіпкері әрдайым менің күлкімді келтіретін. Джо - қандай жағдай болса да комедияға жөнді орын таба білетін актерлардың бірі деп ойлаймын. Ол біздің фильмге расымен де өте қатты қатысқысы келген». Пеши орындауындағы Гарри Лайм есімді қарақшының аты фильмінен алынды (бұл фильмде дәл сондай атты кейіпкерді Орсон Уэллс ойнаған). Коламбус кейіннен айтқанда: «Джо – біздің заманымыздың ең мінезді актерларының бірі, ол біздің жетекші кейіпкеріміз болды. Джо Гарриді диккенс типті кейіпкер ретінде көрсеткісі келген. Ол кейіпкерін саусақтары кесілген қолғап киетін, қысқа шашты болғанын қалады. Екі шетке шайқала жүруді де өзі ойлап тапты. Бұған қоса ол әрбір екі сөздің арасында "Fuck" тәріздес дыбыстарды қосатын, бірақ кейіннен одан бас тарты. Отбасылық фильм түсіретін болғандықтан, Джоға оны "Fridge" сөзімен алмастыруға кеңес бердім».
Маккалистерлердің үйінің ішкі көріністерін түсіру үшін қолданылған үш қабатты жекежай Иллинойс штатындағы қалашығында Линкольн-Авеню, 671 мекенжайы бойынша орналасқан. Үй 1920 жылы салынған. Жекежай 1988 жылдың 15 желтоқсанында сатып алған отбасының иелігінде болған. Түсірілім кезінде олар үйде тұра беруді жалғастырған. Ішкі көріністер үшін бұл үйдегі ас үй, жертөле, алдыңғы зал мен бірінші қабаттың үлкен бөлігі қолданылды. Қалған интерьер (ас бөлмесі, екінші және шатырдағы қабат) толықтай декорацияда түсірілді. Үйде 5 жатын бөлме, толықтай ауыстырылған шатырдағы қабат, жылыжай мен қосарлы гараж бар. Үйдің артқы ауласындағы ағаштағы үйшік фильм үшін арнайы тұрғызылып, түсірілім біткенде қайта бұзылды. 2011 жылдың мамыр айында жекежай 2,4 миллион долларға сатылымға қойылып, 2012 жылдың наурыз айында 1,585 миллион долларға сатылды. Назар аударуға тұрарлық туристік нысан ретінде жарнамаланып, «үйіңіздің кинода көрініп қалуына қалай қол жеткізуге болады» деген үлгі ретінде келтіріледі.
Шіркеу ретінде Иллинойс штатының қаласындағы Грейс епископалды шіркеуі түсірілді. Бірақ шіркеудің ішкі көріністері Хэвен-Миддл мектебінде түсірілген. «Лас жанды періштелер» атты фильмдегі фильмді түсіргенге бір күн ғана уақыт жұмсалды. 1940-шы жылдардағы ұқсас болу үшін ақ-қара түсті бейнекамера мен сол заманның бұйымдары қолданылды. әуежайындағы көріністер бір бөлігінде түсірілді.
Саундтрек
Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack —«Үйде жалғыз қалғанда» кинобейнесінің саундтрегі. Альбомдағы композицияларды жазған. лейблінде 1990 жылдың 4 желтоқсанында форматында шығарылған. 2015 жылдың 27 мамырында лейблінде компакт-диск форматында қайта шықты.
Бастапқыда фильмнің режиссері Крис Коламбус саундтрекке деген музыканы жаздырмақшы болған. Фильмнің алғашқы постерларында Бротон композитор ретінде көрсетілген. атты толық метражды мультфильмінің музыкасын жазумен айналысқан Бротон, Коламбустың ұсынысынан соңғы сәтте бас тартады. Сол себепті Коламбус Стивен Спилбергтің көмегімен Джон Уильямспен келісімшартқа отырады. Фильмде және сынды дәстүрлі әндер орындалады. Саундтрек «» номинациясында «Оскар» сыйлығына ұсынылған. «Somewhere in my Memory» композициясы «» мен «» категорияларында ұсынылды.
{| class="wikitable collapsible collapsed" width="100%" |- ! style="background:#f9f9f9" colspan="15" | Жазбаның қатысушылары |- | сайтынаң алынған мәліметтер.
— композитор (1—5, 7, 9, 10, 13—17 тректері) ; дирижер, продюсер (1—5, 7, 9—17, 19 тректері) Джо Энн Кейн —музыкалық дайындық — лирика (1, 13, 15, 19 тректері) — әуен (11 трек) — әуен (18 трек) — вокал (8 трек)
— музыкалық редактор