Қасым Әуезов (1897, қазіргі Қарақалпақстан, Шымбай ауданы, «Кеңес» с-зы — 13 қазан, 1938, Ташкент) — қарақалпақ ақыны, драматург, сыншы, қоғам қайраткері.
Өмірбаяны Кедей шаруа семьясында туған. Ауыл мектебінде және Мақтым ақын медресесінде бiлiм алған. 1920 жылдан ауылды советтендiру және жаңа қоғам орнату ісіне белсене қатысты. 1921 жылдан бастап Шымбайда мектеп оқытушысы, директоры, округтық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қарақалпақ автономомиялық облысының халық ағарту халкомы, 1925 — 29 жылдары Қарақалпақстан ОАК-нің төрағасы 1929 — 30 жылдары Қазақстан ОАК-і төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР ішкі істер халкомы. 1930 — 31 жылдары Қарақалпақстанның РКФСР ОАК-дегі тұрақты өкілі 1932 — 34 жылдары Қарақалпақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы. 1937 жылдары Қарақалпақ АКСР Халком Кеңесі жанындағы өнер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1938 —Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Шығармалары Тұңғыш қарақалпақ пьесасы — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған “Мақсат жолында” драмасын жазған. «Ульянов-Ленин» «Қайта сайлауда» т. б. өлеңдерi. “Шахта” поэмасы “Еңбек” “Көктем келді” “Намыс құлы” “Күн” т.б. шығармалары қарақалпақ әдебиетінің дамуына елеулі ықпал жасады. Пушкин, Мольер т.б. шығармаларын қарақалпақ тіліне аударды.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1897 жылы туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:13 қазанда қайтыс болғандар Санат:Шымбай ауданында туғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:Қарақалпақ ақындары Санат:Қарақалпақ драматургтері Санат:Қарақалпақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қарақалпақстан білім министрлері Санат:Қазақстан ішкі істер министрлері Санат:Қарақалпақстан премьер-министрлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қарақалпақстанда туғандар