Қусақ – Кедей өзенінің сол жағалауындағы тау. Абсолюттік биіктігі 393 м.
Географиялық орны мен сипаты Ақмола облысы Ерейментау ауданы Торғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Күмбез тәрізді таудың ұзындығы мен ені 1-2 км. Солтүстік және солтүстік-шығыс беткейлері Қарағайлы тауымен ұласады. Беткейлері көлбеу, кейбір жерлерінде тастары жер бетіне шығып жатыр.
Геологиясы Орта девон ның интрузивтік тау жыныстарынан түзілген. Жер қыртысын қиыршықтасты, кесектасты коллювийлі және коллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
Топырағы мен өсімдігі Таулы-орманды, кейбір жерлері нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында қарағайлы-қайыңды, қайыңды-орман алып жатыр. Орманда мүк және шөптесіндер басқан қарағанды-сұлыбасты-селеулі өсімдіктер өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары