Қызбұлақ – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 31 км, 20-дан астам шағын салалары бар. Сұнатсай және Қызышбұалақсай өзендері аралығында.

Бастауы Бастауын Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік баурайынан алып (2261 м биіктікте) Іле өзеніне жетпей, Қызбұлақ қонысында жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Бұта шоғырлары аралас жағалауы жарқабақты (жоғарғы ағысында 20 м, орта ағысында 40 м-ге жетеді) қиыршықтасты-малтатасты келген. Алабы мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Іле су алабы Санат:Ұйғыр ауданы өзендері