Нариман Болтайұлы Табынбаев (1961 жыл 23 ақпан, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті) – медицина ғылымдарының докторы (2005).

Еңбек жолы 1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген; 1984-1986 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ауруханасында дәрігер; 1986-1993 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары; 1994-96 жылдары Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасында дәрігер, бас дәрігердің орынбасары; 1997-2007 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі; 2007-2008 жылдары бас дәрігер болды; 2008 жылдан Қызылорда қаласындағы медициналық орталықтың бас дәрігері. 2014-2015 жж – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Астана қ. 2015-2018 жж – Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының директоры, Астана қ. 2018-2020 - УОЗ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКҚК директоры, Алматы қ. 2020 жылдың 8 желтоқсанынан бастап – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2022 жылдың 20 маусымында Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды. Ғылыми еңбектері «Хирургическое лечение обструктивных уропатий у детей (клинико-экспериментальное исследование)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 110-нан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1

Дереккөздер

Санат:Академиктер Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1961 жылы туғандар