Жаңабазар — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Жаңабазар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, Қазығұрт жотасының солтүстік баурайынан бастау алатын Келес өзенінің жағалауындағы бұта аралас бидайық, боз, көде өскен сұр, қоңыр топырақты тауаралық дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен26562854 3417 119,7 1457 1726 118,5 1397 1691 121
Тарихы Іргесі 1957 жылы осы маңда қой шаруашылығын дамытуға байланысты қаланды. 1997 жылға дейін “Коммунизм” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Жаңабазарда шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Ауыл маңында орман-тоғайы бар әсем келген тау шатқалдары орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазығұрт ауданы елді мекендері